Электрондық сауда

Электрондық сауданы дамыту мемлекеттің басым бағыттарының бірі болып табылады, өйткені әлемдегі төртінші өнеркәсіптік революция - технологиялық, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерді көздейді.

Әлемдік сауда экономикасының дамуына байланысты ел электрондық коммерцияны дамытуға мүдделі.

Тауарлармен электрондық сауда – бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

-тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;

-тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;

-тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

Сонымен қатар тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілердің жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізіледі.

Осы хабарлама салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады қағаз жүзінде немесе «E- лицензиялау» Мемлекеттік деректер базасы арқылы электронды түрде хабарлама жіберуге болады (бұдан әрі – МДБ ЕЛ).

Бұдан басқа, Салық кодексінің 89 және 90-баптарында белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту және толықтыру, сондай-ақ оларды тіркеу туралы жазбалардан шығару тәртібі белгіленген.
Комитет келесі жұмыс күні ішінде Комитеттің интернет-ресурсында (электрондық коммерция қойындысы) СТ тізімін жариялайды.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

Жарияланған күні

15 қазан 2020

Жаңарту күні

15 қазан 2020