Салық төлеушілердің назарына! E-Salyq мобилді брондау
Көру саны:5
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, хабарлайды:
«Е-Salyq mobile» мобильді қосымшасында мемлекеттік кірістер органдарына бару күні мен уақытын брондау мүмкіндігі іске асырылды.
Бұл функция қызмет алушыларға кезек күту түрінде уақыт шығындарын жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның таралу қаупі жоғары болған жағдайда, алдын-ала брондау мүмкіндігі қызмет алушылардың ағынын реттеуге, сервис орталықтарында кезектердің пайда болуына жол бермейді.
Онлайн брондау «e-Salyq mobile» мобильді қосымшасының «Электрондық қызметтер» бөлімінде, сондай-ақ Комитеттің порталында қол жетімді.
Сонымен қатар, көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік кірістер органдарының жұмысына қанағаттанушылық деңгейін анықтау мақсатында Комитеттің порталында «Сауалнама» бөлімінде салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының пікірлерін алу үшін онлайн-сауалнама іске асырылды.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы