Бақылау-касса машинасын салық органында есептен шығару

Бақылау-касса машинасын есептен шығару:

Сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларға байланысты қызметті жүзеге асыруды тоқтату; бақылау-касса машинасының техникалық ақаулығына байланысты одан әрі қолданудың мүмкін еместігі; бақылау-касса машинасын мемлекеттік тізілімнен алып тастау; бақылау-касса машинасының техникалық жарамды моделін бақылау-касса машинасының жаңа моделіне ауыстыру; ішкі істер органдарына ұрлау туралы өтініштің көшірмесі және (немесе) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланған жоғалту туралы хабарландырудың көшірмесі болған кезде бақылау-касса машинасының ұрлануы, жоғалуы; Қазақстан Республикасының салық заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.

Бақылау-касса машинасын салық органында есептен шығару:

1) фискалдық деректер операторының мәліметтерін - деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналар бойынша;

2) бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті - деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналары бойынша табыс етеді.

Аппараттық-бағдарламалық кешенді қоспағанда, деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасын есептен шығару үшін оны пайдалану орны бойынша салық органына:

1) бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініш;

2) салық органының пломбасы қойылған фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасы;

3) нөмірленген, тігілген, лауазымды адамның қолымен және салық органының мөрімен расталған қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы және тауар чектері кітабы;

4) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы.

Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасын есептен шығару үшін салық төлеуші салық органына бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініш береді және «Салық инспекторының жұмыс орны» модуліне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Бақылау-касса машинасын есептен шығаруды салық органы:

1) фискалдық деректер операторының мәліметтері;

2) салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініш.

Толығырақ ақпарат алу үшін Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына хабарласуға болады: Қостанай қаласы, Мәуленов көшесі, 21 үй, байланыс нөмірлері: 28-13-38, 28-10-26, 28-13-09.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Жарияланған күні

13 маусым 2025

Жаңарту күні

13 маусым 2025