Макеров Леонид Николаевич
Көру саны:11

Макеров Леонид Николаевич
1922–1954
Совет Одағының Батыры
Макеров Леонид Николаевич 1922 жылғы 5 маусымда Киров облысы Лебяжск ауданының Комлино ауылында туған. Әскери авиациялық ұшқыштар мектебін бітірді.1942 жылы Л.М. Макеровмайданға жіберілді, қатардағы ұшқыштан 3-ші Беларусь майданы, 277-ші шабуыл армиясы, 943 шабуыл авиаполкініңәуе-атқыштар қызметікомандирінің көмекшісіне дейінгі жолды жүріп өтті.
1945 жылдың басында Макеров133 жауынгерлік ұшып шығу жасады.Жау бекіністерін, аэродромдары мен жау әскерлерінің шоғырланған жерлерін шабуылдап,танктерді, зениттік артиллерия зеңбіректерін, дзоттарды, жердегі жау ұшақтарын жойды.
1944 жылғы ақпанда Псков және Нарва аудандарын жаудан босатып,алға жылжығанЛенинград майданы әскерлерін бомбылау мақсатында фашист басқыншыларыТарту (Эстония) аэродромына ұшақтарын шоғырландырды. Аталған аэродромды бомбылап, жау самолеттерін жою операциясына Макеровжетекшілік етті.Жаудың зениттік қаруының үздіксіз атқылауына қарамастан, 12 Ил-2 шабуылдаушы ұшағынан тұратын Макеров тобы жасырын түрде жақындап, жер бауырлай ұшып аэродромды бомбылады, 27 ұшақты жойды.
СССР Жоғарғы Кеңес Президиумының 1945 жылғы 19 сәуірдегі Жарлығымен «Майданда неміс басқыншыларымен қарсы күресте басшылықтың әскери тапсырмаларын үлгілі орындағаны және батылдық пен батырлық көрсеткені үшін» капитан Леонид Николаевич МакеровкеЛенин орденімен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылып,Кеңес Одағының Батыры жоғары атағы берілді.
Соғыс аяқталғаннан кейін Қостанай қаласында тұрды.Ленин ордені, үш Қызыл Ту ордені, Александр Невский, 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен наградталды.1954 жылғы5 қазанда қайтыс болды.
09 сәуір 2025
09 сәуір 2025