Парадович Александр Иосифович

Парадович Александр Иосифович

1920–2001

Кеңес Одағының Батыры

 

Парадович Александр Иосифович 1920 жылғы 14 қазанда Чита облысы Бурят стансасында дүниеге келген. 1941 жылы қараша айында соғысқа аттанды.

59-шаңғы батальонының шаңғы взводы командирінің көмекшісі болды.1942 жылдың көктеміндежараланып, айлар бойы госпитальда жатты.Емделіп шыққан соң Ленинград жаяу әскер училищесіне жіберілді.Бірақ оны аяқтай алмайды, Сталинград түбіндегі шайқасқа жіберілді.Аты аңызға айналған 39-шы гвардиялық атқыштар дивизиясына түсті.Сталинград түбіндегі шайқастардың бірінде жараланды.

1943 жылғы 24 қазанда жиырма бір жауынгерден тұратын барлау тобына Днепрден өтіп, жауды басып алған шептерден қуып, бекініп, бөлімшелердің өтуіне мүмкіндік беру міндеті жүктелді.Днепрдің бұл жерінің ені 900-950 метр, ал жағалау биіктігі 18-20 метр болды.Оң жағалауда үш қатар миналанған сым қоршау болды.Сонымен қатар, үш қатар траншеялар, дзоттар, доттар және блиндаждар орналасты.

Взвод командирінің көмекшісі гвардия сержанты А.И. Парадович десанттық топпен бірге жаудың қарша бораған оғының астында Днепрдіңкелесі жағалауына өтті, тікенек сым қоршауға бірінші болып жетіп,жауынгерлерге жол ашты, плацдармды басып алуды қамтамасыз етті.

КСРО  Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 22 ақпандағыЖарлығымен әскери тапсырмаларды үлгілі орындағаны және онда батырлық пен ерлік көрсеткені үшін гвардия сержанты Александр ПарадовичкеЛенин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылып,Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ұзақ жылдар бойы Қостанай қаласында тұрды, 1975 жылы «Қостанай қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен наградталған.2001 жылы 13 желтоқсанда қайтыс болды.

 

Жарияланған күні

09 сәуір 2025

Жаңарту күні

09 сәуір 2025