Дәрменов Әмреш

Дәрменов Әмреш

1922-2002

Даңқ орденінің толық иегері

 

Дәрменов Әмреш 1922 жылғы 10 мамырда Қостанай облысының Пресногорьков ауданы Жалтырша ауылында туған. 1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. 1942 жылы Ленинград түбіндегі ұрыста соғыс іс-қимылдарына араласты.

Атқыш, барлаушы, 139-атқыштар дивизиясы 609-атқыштар полкінің командирі қызыләскер Әмреш Дарменов 1944 жығы 8 наурызда Белоруссияның Могилев облысы Чаусск ауданындағы тактиқалық жағынан маңызды биіктікті алудағы шабуылда алғашқылардың бірі болып траншеяға жетіп, автоматынан оқ жаудырып, сегіз гитлершіні жер жастандырды, сол жерде жаралы кеңес жауынгерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсетті. 

Қызыләскер Әмреш Дәрменов 1944 жылғы22 сәуірде ұрыста көрсеткен батылдылығы мен ержүректігі үшін 3-дәрежелі Даңқ орденімен наградталды.

Белоруссияның казіргі Могилев облысының Горбачи ауылы үшін болған ұрыста барлаушы Әмреш Дәрменов 1944 жылғы 26 маусымда топ құрамында бірінші болып ауылға басып кіреді, бір жау солдатын қолға түсіреді.

1944 жылы 28 маусымда Могилев қаласы үшін ұрыстақызыләскер Дарменов жаудың сегіз сарбазын жойып, бесеуін тұтқындады.

1944 жылғы 10 тамызда ұрыста көрсеткен батылдылығы мен ерлігі үшін 2-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталады.

1945 жылдың 24-25 наурызында Данциг қаласының түбінде (Польша) 609-атқыштар полкінің барлаушылар бөлімшесінің командирі сержант Әмреш Дәрменов жаудың позициясына өтіп,танкке қарсы гранаталармен үш пулеметі мен расчетын жойды.Жау соңына түсіп, өзге жауынгерлермен бірге он бестенастамгитлершілерді тұтқындады.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 29 маусымдағы Жарлығымен сержант Әмреш Дәрменов неміс-фашист басқыншыларымен болған шайқастарда басшылықтың тапсырмаларын үлгілі орындағаны үшін 1-дәрежелі Даңқ орденімен наградталып, Даңқ орденінің толық иегері атанды.

Соғыстан кейін үш дәрежелі Даңқ орденінің иегері туған өлкесіне оралды. 2002 жылы қайтыс болды.

Жарияланған күні

09 сәуір 2025

Жаңарту күні

09 сәуір 2025