Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласында салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласында салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысының (бұдан әрі – қаулы жобасы) жобасын әзірлеуші «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ болып табылады.

Осы қаулы жобасын әзірлеудің мақсаты Қостанай қаласының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту болып табылады.

Аймақтарға бөлу коэффициенттері Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 бұйрығымен бекітілген аймақтарға бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес есептеледі.

Қаулы жобасы "Ашық НҚА"интернет-порталында орналастырылған:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15240346; Жария талқылау мерзімі 2024 жылғы 17 қазаннан 1қарашаға дейін.

 

Жарияланған күні

17 қазан 2024

Жаңарту күні

17 қазан 2024