Бірыңғай жиынтық төлем

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) тек жеке тұлғаларға қызмет көрсеткен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін 5 жылға (2019 жылдан 2023 жылға дейін) уақытша енгізілді. БЖТ қолдану кезеңі 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталды.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап егер азамат кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмаса, онда ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды (ай сайын 4250 теңге) дербес төлей алады. Бұл медициналық көмек алу үшін медициналық мекемелерге жүгінуге мүмкіндік береді.

Егер азамат кәсіпкерлік қызметті жалғастыра берсе, онда ол жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өзіне ыңғайлы салық салу режимін – патентті (салық ставкасы 1%), мобильді ұсыныстықолдана отырып (салық ставкасы 1%), оңайлатылған декларацияны (салық ставкасы 3%), бөлшек салық режимін (салық ставкасы 4%) таңдауы керек.

Салық режимін "E-salyq Business" мобильді қосымшасы арқылы таңдай аласыз, онда салық, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептеледі және төленеді.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Жарияланған күні

10 қаңтар 2024

Жаңарту күні

10 қаңтар 2024