Мақала «Сыбайлас жемқорлықты алдын алу»

Біздің еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды азайту бойынша мемлекет пен қоғам тарапынан жан-жақты және дәйекті шараларды әзірлеуді және жүзеге асыруды болжайды.

Салық төлеу-бұл әр азаматтың, бизнес субьектісінің міндеті, Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген. Бірақ, ең үздік салық төлеуші –бұл өз міндеттемелерін ерікті негізде, яғни өз бетінше, кәсіби және уақтылы орындауға ниет білдірген салық төлеуші.

Сондықтан, Мемлеттік кызметтерді көрсету кезінде, біздің алдымызға қойылатын басым міндеттердің бірі-бұл азаматтардың ақпараттандырылуын және бизнес субьектілерін арттыру.

Бұл үшін тұрақты негізде қолданыстағы салық және кеден заңнамасын түсіндіру бойынша кең және бұқаралық  жұмыс жүргізілуде, сонымен қатар біз жүргізіп отырған жұмыс нәтижелерін жария ету. Салық және кеден заңнамасы мәселелері  бойынша  салық төлеушілердің барлық санаттары үшін, заңсыз кәсіпкерлік қызметке, жалған кәсіпкерлікке және заңсыз банкроттыққа қарсы іс-қимыл  жөнінде, сондай-ақ  оларды қызықтыратын  барлық мәселелер бойынша, апта сайын бейсенбі күні, «Кеңес берудің бірыңғай күндері» өткізіледі.

Біз Мемлекет басшысынан бастап қарапайым азаматқа дейін әлеуетті салық төлекшілер болып табыламыз. Бірақ, барлығы салық төлеуге дайын емес.

Демек, әркім заңмен белгіленген салықтар мен төлемдерді бюджетке төлей ме, жоқ па, бізді бей-жай қалдырмайды, өйткені ел экономикасының дамуы, мемлекеттік қорғаныс қабілеті, зейнетақы төленуі, мұғалімдерге, дәрігерлерге жалақы төлеуінің уақтылы мен  толықтығы, және т.б. соған байланысты, сайып келгенде, басқаша айтқанда, әрқайсымыздың тағдыры.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Жарияланған күні

27 сәуір 2023

Жаңарту күні

27 сәуір 2023