Қәсіпкерлік бірлестіктерін аккредиттеу туралы
Көру саны:6
«Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ «Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1089 қаулысына, Қостанай қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 13 науыздағы № 421 сәйкес шағын кәсіпкерліктің қалалық бірлестіктерін аккредиттеу туралы хабарлайды.
Аккредиттеуді алу үшін өтініш берушіге мына құжаттарды тапсыру қажет:
- белгіленген үлгідегі өтініш;
- салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
- бірлестік мүшелерінің тізімі.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде мына мекенжай Қостанай қаласы, Қайырбеков көшесі, 75 бойынша, кабинет № 2 қабылданады.
Анықтама үшін телефон: 21-06-90