Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицендияларды пайдаланғаны үшін төлем ақы

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 556-бабына сәйкес алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

Өз кезегінде, салық кодексінің 558-бабында төлемақы төлеушілер жыл сайын салық салынатын объектінің орналасқан жері бойынша төлем сомасын ағымдағы жылдың 25 наурызынан, 25 маусымынан, 25 қыркүйегінен және 25 желтоқсанынан кешіктірмей тең үлестермен төлейтіні айқындалған.

Егер есепті салық кезеңінде лицензияны пайдалану кезеңі бір жылдан кем болған жағдайда, төлемақы сомасы бір жылда есептелген төлем сомасын он екіге бөлу және лицензияны бір жылда пайдаланудың тиісті айларының (толық немесе толық емес) санына көбейту жолымен айқындалады.

Лицензия алған кезде төлем төлеу міндеттемесі лицензия алған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап туындайды.
Сондай-ақ, бюджетке төлемдер түріндегі міндетті ақша аударымдары Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының басқа да міндетті төлемдері болып табылатынын (Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының 10) тармақшасы) және салық төлеушінің мемлекет алдындағы салық міндеттемесі деп танылатынын (Салық кодексінің 31-бабының 1-тармағы) атап өткен жөн.

"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 29-бабына сәйкес лицензия лицензияланатын қызмет түрін оның қолданылу мерзімі шектелмей жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаға беріледі.

Бұл ретте Заңның 35-бабының 1-тармағында лицензиат лицензиарға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде жүгінген жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылады деп көзделген.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Жарияланған күні

06 наурыз 2023

Жаңарту күні

06 наурыз 2023