Салық төлеушінің төлқұжаты кімде болуы керек, оның құрамында не бар және оны қайдан алуға болады?

Сауда және тамақтану салаларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерде салық төлеушінің паспорты болуы керек.

Салық төлеушінің паспорты - салық құпиясы болып табылмайтын, Мемлекеттік кірістер комитетінің порталы арқылы қалыптастырылатын штрих-кодта (QR-код) қамтылатын мәліметтерді құрайтын кәсіпкерлік субъектісінің ақпараттық картасы болып табылады.

Салық төлеушінің паспортында мынадай мәліметтер қамтылады:

  • Сәйкестендіру нөмірі;
  • Дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның атауы;
  • Дара кәсіпкердің, заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
  • Салық төлеушінің мәртебесі – әрекет ететін, әрекет етпейтін, салықтық есептілікті ұсынуды тоқтатқан;
  • Тiркеу есебiне қойылған күн, тiркеу есебiнен шығарылған күн;
  • Бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі, бақылау-касса машинасын пайдалану орны;
  • Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның болуы немесе болмауы.

Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 75-1 бабының 1 тармағына сәйкес салық төлеушінің паспорты қоғамдық тамақтандыру және сауда салаларында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер тікелей бақылау-касса машиналары тұрған және халыққа хабар беру үшін жалпыға бірдей қолжетімді орындарда орналастырады

Салық төлеушінің төлқұжатын алу үшін:

  • ҚР ҚМ МКК порталына кіру және «Ақпараттық ресурстар», «QR-кодты қалыптастыру» бөліміне өту қажет.
  • Жүйені басқаннан кейін пайдаланушыны қызмет көрсету тілін таңдап, «QR-кодты алу» түймесін басу керек кодтарды қалыптастыру сайтына (https://kgd-qr.kz/) бағыттаңыз.
  • Осыдан кейін сіз телефон нөмірін басып «код жіберу» түймесін басуыңыз керек.

Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 75-1 бабының 3- тармағының негізінде салық төлеушінің паспортын салық органы есепті айдан кейінге екінші айдаң 15-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде айын 1 рет қалыптастырады.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Жарияланған күні

17 қараша 2022

Жаңарту күні

17 қараша 2022