
Бөлімнің миссиясы: қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, азаматтық патриотизмге және Ұлттың тұрақты дамуына тәрбиелеу.
Партиялар.
Қала аумағында өз қызметін облыстық саяси партиялардың 7 филиалы жүзеге асырады:
Діни ұйымдар.
Қостанай қаласында 20 діни бірлестік тіркелген. Халықтың діни сауаттылығын арттыру мақсатында бөлім ай сайын еңбек ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша, қалалық АТТ мүшелерінің қатысуымен жастармен кездесулер ұйымдастырады.
Үкіметтік емес ұйымдар.
Қостанай қаласында 524 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның ішінде 285-і жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, 24 ҮЕҰ белсенді емес, 8 - тарату сатысында, 2 - қызметі тоқтатылды, 205 – филиал.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс.
Бүгінгі таңда мемлекет пен ҮЕҰ өзара іс-қимылы негізінен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыруға негізделеді.
Бөлімнің функцияларына ҚР Мемлекеттік рәміздерін қолдануды насихаттау және мониторингілеу кіреді.
Өздеріңіз білетіндей, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының ұлттық стандартына "QAZAQSTAN" латын графикасында "ҚАЗАҚСТАН"сөзін жазу бөлігінде өзгеріс енгізілді. Бұрын дайындалған Мемлекеттік Елтаңбаларды жаңасына ауыстыруды жүзеге асыру жөніндегі өтпелі кезең - 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін.
Жарты жылда бір рет мониторинг жүзеге асырылады, бұзушылықтар болған жағдайда ескертулер шығарылады.
Қалада Қостанай қаласының қоғамдық кеңесі жұмыс істейді, оның жұмысын мәслихат ішкі саясат бөлімімен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып үйлестіреді.