2025 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпарат
2025 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларының 7-тармағының 3-тармақшасына сәйкес «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ үкіметтік емес ұйымдармен және ұйымдармен, азаматтармен жария талқылау үшін 2025 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптары туралы ақпаратты орналастырады.
Ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды a.bekenova@kostanay.gov.kz электрондық мекенжайына жіберуді сұраймыз.
|
№ |
Жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге) |
Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың мақсатты тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
Психоактивті заттарды, оның ішінде жаңа синтетикалық есірткілерді қолданудың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізу |
18900 млн теңге |
ҚР Халықты әлеуметтік қорғау тұжырым дамасы |
Жасөспірім дер, жастар, ересек адамдар кемінде 8 000 адам |
1. Мақсатты топтар арасында профилактикалық іс-шараларды белсенді жүргізу, есірткіні тұтынуға теріс көзқарасты қалыптастыру. 2. Облыс тұрғындарының есірткі заттарының адамның физикалық және психологиялық денсаулығына зиянды әсері туралы хабардарлығын арттыру. 3. Психоактивті заттарды қолдану деңгейін азайту. |
|
2 |
Халықтың негізгі топтары үшін АИТВ-ның алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу |
18900 млн теңге |
ҚР Халықты әлеуметтік қорғау тұжырым дамасы |
халықтың негізгі топтары (трансген дер адамдар, инъекциялық есірткі қолданатын адамдар, секс қызметкерлер ) кемінде 8 000 адам
|
Инъекциялық есірткі қолданатын адамдар, трансгендер адамдар арасында профилактикалық іс-шараларды белсенді жүргізу, халықтың негізгі топтарының (бұдан әрі -ХНТ) профилактикалық қызметтерге қолжетімділігін кеңінен қамтамасыз ету, ХНТ арасында АИТВ-инфекциясын тіркелу деңгейін төмендету және АИТВ-ның одан әрі таралуын азайту. |
|
3 |
Халық арасында туберкулездің алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу |
18900 млн теңге |
ҚР Халықты әлеуметтік қорғау тұжырым дамасы
|
жастар, ересек адамдар, қамту - кемінде 5000 адам |
Тәуекел факторлары туралы халықтың хабардарлығын арттыру, туберкулезбен ауыратын науқастарды ерте кезеңде анықтау, туберкулездің асқынған түрлерін қысқарту, емдеуге бейімділігін арттыру, сол арқылы емдеуден жалтаратын жандардың санын азайту. Емдеудің сапасы мен тиімділігін арттыру |
|
4 |
Репродуктивті денсаулықты сақтау жөніндегі іс-шараларды өткізу |
2100 млн теңге |
ҚР Халықты әлеуметтік қорғау тұжырым дамасы |
жасөспірім дер, жастар, ересек адамдар, қамту - кемінде 3000 адам
|
Халықтың темекі, алкоголь, есірткі қолдану, ЖЖБИ,АҚТҚ/ЖҚТБ, жоспарланбаған (ерте) жүктілік, физикалық белсенділіктің төмендігі сынды қауіп факторлары туралы хабардарлығын арттыру. Оқыту қызметтерін көрсетудің сапасы мен санын бағалау, сондай-ақ мемлекеттік органдарға, қоғамдық ұйымдарға арналған нақты практикалық ұсынымдар, әлеуметтік жобаның қызметі туралы тақырыптар бойынша әдістемелік ақпараттық құралдар мен анықтамалықтар. |
23 шілде 2024 18:27
23 шілде 2024
23 шілде 2024