ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ОРГАНДАРЫ МЕН ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қостанай облысы денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің қорытындылары
Қостанай облысының мемлекеттік денсаулық сақтау секторы 442 медициналық нысанды қамтиды.
Облыс халқына емдеу-профилактикалық көмекті келесі медициналық ұйымдар көрсетеді: 27 стационарлық мекеме (16 аудандық аурухана, 9 қалалық аурухана, 2 ауылдық аурухана), Облыстық фтизиопульмонология орталығы, Психикалық денсаулық орталығы, Жедел медициналық жәрдем станциясы, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, Қан орталығы, 6 емхана, 36 дәрігерлік амбулатория, 73 фельдшерлік-акушерлік пункт, 268 медициналық пункт, 1 алғашқы акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету бөлімшесі, 1 Арнайы медициналық жабдықтау базасы, 2 медициналық колледж, 2 Бала үйі, 1 оңалту орталығы.
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі 132,7 млрд теңгені құрады (2025 жылы – 113,2 млрд теңге), оның ішінде:
-әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы жұмсалған шығыстар – 109,8 млрд теңге (2025 жылы – 96,2 млрд теңге). Оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қаржыландыруға 58,1 млрд теңге және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға 51,7 млрд теңге бағытталды;
-«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ арқылы жүзеге асырылатын шығыстар – 22,9 млрд теңге (2025 жылы – 19,1 млрд теңге).
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық көмек көрсету бойынша 66 жеткізушімен, оның ішінде 42 мемлекеттік және 24 жеке меншік медициналық ұйыммен шарт жасасты.
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша кредиторлық берешек 5,0 млрд. теңгені құрады (2025 жылғы 1 қазанда – 6,0 млрд. теңге).
Қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) өсу үрдісіне ие, 2025 жылмен салыстырғанда (2025 жылдың 9 айында – 108,5/898) 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 120,2/990 құрады.
ҚАЖА сырқаттанушылық көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 2 550,5/19 778 адамды құрады, 2025 жылмен салыстырғанда -2 707,9/21 226 адам.
Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіші өткен жылдың деңгейімен қалып тұр және және (100 мың тұрғынға шаққанда) 78,9/485 құрады (2025 жылы – 77,7/480).
2026 жылдың 9 айындағы жалпы өлім-жітім көрсеткіші (1 000 тұрғынға шаққанда) 6,7- 5 510 жағдайды құрады (2025 жылдың 9 айында – 6,4/5 263).
2026 жылдың 9 айында қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 295,1/1 815 жағдайды құрады. 2025 жылмен салыстырғанда - 319,5/1 975 жағдай, көрсеткіштің аздап төмендегені байқалады.
2026 жылдың 9 айында туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 0,5- 4 жағдайды құрады және 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен аспайды: 0,5 – 4 жағдай.
Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 25,5-209 жағдайды құрады, 2025 жылмен салыстырғанда: 28,8 – 237 жағдай.
Жазатайым оқиғалардан, жарақаттардан және уланулардан болатын өлім-жітім көрсеткішінің (100 мың тұрғынға шаққанда) аздап өсуі байқалады және 44,3/365 жағдайды құрады, ал 2025 жылмен салыстырғанда - 43,7/362 жағдай.
2026 жылдың 9 айындағы ана өлімінің көрсеткіші (тірі туған 100 мың балаға шаққанда) 0-ді құрады (2025 жылдың 9 айында – 16,5, 1 жағдай). 100%-ға төмендеді.
Соңғы 5 жылда нәресте өлімінің ең жоғары көрсеткіші 2022 жылға тиесілі – 11,8 -121 жағдай, одан кейін көрсеткіштің төмендеуі байқалады.
2026 жылдың 9 айында нәресте өлімінің көрсеткіші (тірі туған 1 000 балаға шаққанда) 9,2-50 жағдайды құрады, аздап өсу байқалады (2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда - 8,1 – 49 жағдай).
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында 2023–2024 жылдары Қостанай облысының 10 ауданында алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 25 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды (5 дәрігерлік амбулатория, 19 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 медициналық пункт).
Анықтама: жобалардың жалпы құны 5,3 млрд теңгені құрады.
Сонымен қатар, ауруханаларды көпбейінді орталықтарға айналдыру мақсатында Жітіқара және Арқалық қалаларындағы ауруханаларды қайта жаңғырту, сондай-ақ МРТ және Ангиограф сияқты ірі медициналық жабдықтарды сатып алу және орнату жоспарланған.
Қазіргі уақытта екі жоба бойынша жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеге мемлекеттік сараптаманың қорытындылары алынды. Республикалық бюджеттік комиссия қаржыландыруды мақұлдады. Мердігер ұйымдар құрылыс-монтаж жұмыстарына кірісті.
Қостанай ауданында (Заречный кенті) 250 келушіге арналған жаңа емхананың құрылысы аяқталды. Нысанды 2026 жылғы қараша айында пайдалануға беру жоспарланған. Жобаның жалпы құны 3,6 млрд теңгені құрады.
Бұдан басқа, («Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында) 2023 жылы «Арқалық өңірлік ауруханасы» КМК перзентхана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу бойынша 3 жылдық жобаны іске асыру басталды. Жобаның жалпы құны 1 191,6 млн теңгені құрайды (2023 жылы – 442,8 млн теңге, 2024 жылы – 279,8 млн теңге, 2025 жылы – 469,0 млн теңге).
Анықтама: Мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша мердігер ретінде «RAKADA GROUP» ЖШС анықталды (шарт сомасы – 1 148,8 млн теңге). Бүгінгі таңда игерілген қаражат көлемі 722,6 млн теңгені құрайды, оның ішінде: 2023 жылы – 442,8 млн теңге (РБ – 400, ЖБ – 42,8), 2024 жылы – 279,8 млн теңге (РБ – 254,4, ЖБ – 25,4).
Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақын. Арнайы мемлекеттік қордан 418,0 млн. теңге бөлінді. Жергілікті бюджеттен 46,9 млн. теңге бөлінді.
2025 жылғы 12 тамызда жергілікті бюджет қаражаты есебінен 136,4 млн теңге мөлшерінде алғытөлем төленді.
«Арқалық өңірлік ауруханасы» КМК перзентхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға бағытталған шарттық міндеттемелерді «RAKADA GROUP» ЖШС-нің тиісінше орындамауына байланысты сотқа талап арыз берілді.
Қазіргі уақытта қалған құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау үшін «Алюмин Строй» ЖШС мердігер ұйымымен шарт жасалды.
2026 жылғы 22 қаңтарда өткен сот отырысының қорытындысы бойынша сот шешімі «RAKADA GROUP» ЖШС мердігер ұйымының пайдасына шығарылды.
Сонымен қатар, 2026 жылы жергілікті бюджеттен ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1 609,0 млн. теңге бөлінді.
(«Амангелді аудандық ауруханасы» КМК) күрделі жөндеу жүргізуге 228 млн теңге бөлінді, жоба аяқталды.
2026 жылға 7,3 млрд. теңге (жергілікті бюджет) сомасына медициналық техника сатып алу жоспарланған.
– Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023–2027 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында «Қостанай қалалық онкологиялық көпбейінді ауруханасы» КМК үшін 2,3 млрд. теңге қарастырылған.
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қостанай облысының мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінде 12 579 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 1 755 дәрігер (2025 жылғы 1 қазанда – 1 818) және 5 264 орта буын медицина қызметкері (2025 жылғы 1 қазанда – 5 448).
Облыс бойынша (10 000 тұрғынға шаққанда) медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу көрсеткіші: дәрігерлермен – 21,43 (2025 жылғы 1 қазанда – 21,96); орта буын медицина қызметкерлерімен – 64,27 (2025 жылғы 1 қазанда – 65,55).
Дәрігерлерге деген қажеттілік 104 адамды құрайды (2025 жылы – 152 адам), оның ішінде ауылдық жерлерде – 30 адам (2025 жылы – 44 адам).
Дәрігер кадрларының азаюының негізгі себептері – дәрігерлердің басқа өңірлерге қоныс аударуы, медициналық жоғары оқу орындары түлектерінің облысқа жұмысқа келмеуі, сондай-ақ дәрігерлердің зейнеткерлік жасқа жетуі.
Өңірге медициналық кадрларды тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Қостанай облыстық мәслихатының 2026 жылғы 16 қыркүйектегі №322 шешіміне сәйкес облыстық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың жаңа мөлшерлері белгіленді.
Аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа келетін мамандар үшін біржолғы әлеуметтік төлем мөлшері 5 млн теңгені құрайды.
Облыстың ауылдық елді мекендері мен кенттеріне жұмысқа келетін мамандар үшін төлем мөлшері 7 млн теңге болып белгіленді.
Амангелді және Жангелдин аудандары үшін жоғарылатылған әлеуметтік төлем мөлшері 8,5 млн теңгені, ал Арқалық қаласы үшін 7 млн теңгені құрайды.
Сонымен қатар, ауылдық жерлерде жұмысқа орналасқан техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар медицина қызметкерлеріне 5 жыл бойы міндетті түрде жұмыс істеу шартымен 1 млн теңге мөлшерінде әлеуметтік қолдау көрсету көзделген.
Ауылдық жерлердегі аса тапшы мамандықтардың жеке тізбесі бекітілді. Аталған мамандықтар бойынша 5 жыл міндетті еңбек ету шартымен 8,5 млн теңге мөлшерінде жоғарылатылған әлеуметтік қолдау қарастырылған.
Олардың қатарына мынадай мамандықтар кіреді: аллергология, ангиохирургия, гематология, кардиохирургия, кардиология, оңалту медицинасы, акушерлік және гинекология, анестезиология және реаниматология, педиатрия және онкология.
2026 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарының 60 білім беру гранты игерілді.
2026 - 2027 жылдары жыл сайын кемінде 120 дәрігерді өңірге тарту жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, медициналық ұйымдардың өз қаражаты есебінен көтерме жәрдемақылар төлеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үйді жалдау ақысын өтеу түрінде әлеуметтік қолдау шаралары да көрсетіледі.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықБаспасөз релиздері
Барлық баспасөз релиздеріПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 16 сәуір 2026Талдамалық мақалаҚостанай облысының Денсаулық сақтау органдары мен ұйымдары қызметінің 2026 жылғы 01 сәуірдегі қорытындылары.


