«Денисов ауданының мәдениеті және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы Денисов ауданы аумағында мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Тапсырмалар:
мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
тілдерді үйренуге және дамытуға жағдай жасау;
Функциялар:
1)мәдени құндылықтарды тіркеу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
2)облыста мәдени-көпшілік іс-шараларды, сондай-ақ көркемөнерпаздар бірлестіктері арасында шолулар, фестивальдар мен конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
3)аймақтық деңгейде мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған іс-шаралар жүргізеді;
4)облыстың атқарушы органдарына ауылдарды, кенттерді, ауылдық округтерді атау және қайта атау, сондай-ақ олардың транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
Бөлімдердің қызметі:
1) кітапхана қызметін ұсыну;
2) мәдени-ағартушылық іс-шараларды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін, ағылшын және басқа тілдерді оқытуды ұйымдастыру.