Ауданның 2024 жылғы қаңтар- қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат
Ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары әртүрлі салаларда белгілі бір нәтижелермен сипатталады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 28,3 млрд. теңгені немесе облыста өндірілген өнімнің 4,6% -ын құрады. Физикалық көлем индексі 113,2% құрайды.
Ірі қара мал басы – 19379 бас немесе 93,6% (2023ж.- 20707 бас).
Сиыр –8574 бас немесе 91% (2023ж.- 9420 бас).
Шошқа - 3020 бас немесе 61,6% (2023ж- 4903 бас).
Жылқы - 5942 бас немесе -94,6% (2023 ж.- 6279 бас).
Қой-ешкі -17201 бас немесе – 92,7% (2023 г- 18559 бас)
Құс саны -50863 бас немесе 84,7% (2023ж- 60049 бас).
2256,5 тонна ет өндірілді немесе 103,6 (2023ж-2177,7 мың тонна).
Сүт өндірісі 10253,3 тоннаны құрады немесе 95,3% 2023 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (2023 жылы – 10761,9 тонн).
Тауық жұмыртқасы 986,3 мың дана немесе 104,9% (2023 ж-939,8 мың дана).
Барлық санаттағы шаруашылықтарда мал мен құстың өнімділігі: сауын мал табынындағы сиырдың орташа сүт өнімділігі - 3568 кг. Бір тауық жұмыртқасының орташа шығымы-123 дана.
Ауыл шаруашылық жануарларынан төлдің келуі: бұзау -6220 бас немесе 94,4%, торапай – 3655 бас немесе 67%, қозы, лақ -6781 бас немесе 110,3%, құлын - 1463 бас немесе 105,5%. (пайыз 2023 жылға есептеледі).
Өнеркәсіп
Өнеркәсіп өнімдері 2 млрд. теңгеге өндірілді, бұл облыстық өндіріс көлемінен 0,1% құрайды (2023 жылы – 1665,6 млн.теңге). Физикалық көлемнің индексі 96,8% құрады.
Инвестициялық қызмет
Аудан экономикасына айларында 7,5 млрд. теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдан 147 млн. теңгеге төмен. ФКИ -97,6%.
2579 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, немесе 2023 жылға қарай 108,7% (2023 ж. – 2372 ш.м.).
Бюджет
Ағымдағы жылы аудан бюджетінің көлемі 6,8 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде, меншікті кірістер 2,1 млрд.теңгені. Жергілікті өзін-өзі басқарудың жеке кірістері 130,7 млн. теңгені құрайды, субвенция –222,2 млн. теңге, дамуға арналған мақсатты трансферттер –1,6 млрд. теңге.
Бюджеттің шығыс бөлігі жоспардан 96,5% - ға игерілді.(4297,4 млн. теңге )
Салық түсімдері және бюджетке басқа да міндетті төлемдер 2314,1 млн. теңгені құрады немесе 88,1%, оның ішінде, республикалық бюджетке 411,8 млн. теңге, немесе жоспардан 50,7%. Жергілікті бюджетке – 1902,3 млн теңге, немесе 104,8%, аудандық бюджет -1835,7 млн теңге немесе 103,5%.
Салықтар бойынша берешек 6,3 млн. теңгені құрады.
Шағын кәсіпкерлік
Ауданның экономикасын дамытуда шағын және орта бизнестің халықтың жұмыспен қамтылу процестеріне және халыққа және кәсіпорындарға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымды құруға әсер ететін маңызды орындардың бірі болып табылады.
Ауданда 759 шағын кәсіпкерліктің субъектісі (ШКС) тіркелген, оларда 748 жалданып жұмыс істейтін жұмыскерлер бар, жалпы санындағы белсенді халықтың үлесі 98,6 %құрайды.
Бөлшек тауар айналымының көлемі – 2,7 млрд. теңгені құрады, немесе 102,9% 2023 жылға. Көтерме сауда көлемі – 1,9 млрд. теңгені құрады, немесе 120,9% 2023 жылға.
Әлеуметтік қорғау
Жұмыспен қамту орталығына өтінім білдірген 929 адамнан 681 адам жұмысқа орналастырылды, немесе 73,3%, қоғамдық жұмыстарға 90 адам жіберілді. Жұмыссыздық деңгейі 1,9 %.
Жұмысрен қамту бөлімінде кірістері кедейлік шегінен аспайтын 18 отбасы немесе 84 адам тұрады.
2024 жылдың қаңтар –қыркуек айларындағы орташа айлық жалақы өткен жылмен салыстырғанда 12,8% - ға өсіп, 268789 теңгені құрады.
Денсаулық
Туберкулезбенаурушаңдық 100мыңтұрғынғашаққанда28 құрады,бұл2023жылға25,2(2023 ж.-53,2),абсолюттікөрсеткіштер бойынша ағымдағыжылы4 және 2023жылы8жағдайды құрады.Нәрестелерменаналарөлімітіркелгенжоқ.
«Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 9 маманға бюджеттік несие 77 млн. 532 мың теңге, 5 маманға 31955 мың теңгеден тағайындалды қөтерме жәрдемақы 20 маманға - 7 миллион 384 мың теңге сомасында төленді. 18 маманға 6645,6 мың теңгеден тағайындалды.
2
18 қараша 2024 17:41
18 қараша 2024