Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңын орындау мақсатында Денисов ауданында Денисов ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (бұдан әрі-Комиссия) өз жұмысын жүзеге асырады.
2020 жылғы өткен кезеңінде 26 отбасына қатысты комиссияның 11 отырысы өткізілді. Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 16 наурыздан 11 мамырға дейін ТЖ жариялануына байланысты білім басқармасының ұсынымы негізінде коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында комиссия отырыстары өткізілген жоқ.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының 14 тақырып бойынша есептері тыңдалды.
1