Ақпараттық хабарлама
Арқалық қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша қайта конкурс өткізеді. Қайта конкурс Костанай облысы, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29, 8 қабат, мәжіліс залы мекенжайы бойынша 2024 жылы 16 қыркүйекте сағ. 10-00-де өтеді.
Қайта қонкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2024 жылғы 02 қыркүйектен бастап 13 қыркүйекке дейін өтінімдерді қабылдау басталған күннен он жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады (қабылдау уақыты 9-00-ден 18-30-ға дейін, сағ. 13-00-ден 14-30-ға дейін түскі үзіліспен) «Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ: Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29, 5 қабат, 524 каб. анықтама үшін байланыс телефоны (8-71430) 7-23-52. Қайта конкурсқа қатысуға өтінім 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпарат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қағаз жеткізгіште, қолма-қол, не пошта арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанға дейін беріледі. Конкурсқа қатысу үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген конкурстық ұсыныстар, өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап аяқталғанға дейін он жұмыс күн ішінде, ұйымдастырушыға қолма-қол тапсырылады.
Қосымша ақпаратты «Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ-де, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29, 5 қаб., 524 каб. мекенжайы бойынша алуға болады.
Қайта конкурсқа шығарылатын жер телімдерінің тізбесі
|
Лот № |
Жер телімінің қысқаша сипаттамасы |
Ауданы (га)
|
Жалға беру мерзімі |
Топырақтың сапалық сипаттамасы |
Сумен қамтамасыз етілуі |
Жер телімінің орналасқан жері, шаруашылық орталығына дейінгі ара қашықтығы |
|
|
Алқап түрі, өріс № |
Бонитет балы |
||||||
|
1 |
Егістік, № н/ж алқап, өсімдік шаруашылығы |
12 |
600 (оның ішінде: 599 га егістік, 1 га жолдар) |
48 |
қызыл қоңыр |
суландырылмаған |
Көктау ауылы |
|
2 |
Жайылым № н/ж алқап, мал шаруашылығы |
9 |
800 (оның ішінде: 769 га жайылым, 1 га жолдар, 30 га өзгелері) |
48 |
қызыл қоңыр |
суландырылмаған |
Екідін ауылы |
|
3 |
Жайылым № н/ж алқап, мал шаруашылығы |
8 |
270 (оның ішінде: 270 га жайылым) |
48 |
қызыл қоңыр |
суландырылмаған |
Жалғызтал ауылы |
|
4 |
Жайылым № н/ж алқап, мал шаруашылығы, егістік, № н/ж алқап, өсімдік шаруашылығы |
13 |
700 (оның ішінде: 675 га жайылым, 23 га егістік, 1 га жолдар, 1 га өзгелері) |
48 |
қызыл қоңыр |
суландырылмаған |
Жалғызтал ауылы |
|
5 |
Жайылым № н/ж алқап, мал шаруашылығы, егістік, № н/ж алқап, өсімдік шаруашылығы |
11 |
218 (оның ішінде: 208 га жайылым, 9 га егістік, 0,5 га жолдар, 0,5 га өзгелері) |
48 |
қызыл қоңыр |
суландырылмаған |
Жалғызтал ауылы |
13
20 тамыз 2024 12:28
20 тамыз 2024