2024 жылы Денисов ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, әлеуметтiк

Жоба

 2024 жылы Денисов ауданының  ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға  келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар,  ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы

 

Денисов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2024 жылы Денисов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда:

1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы; 

2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауға-бюджеттік кредит:

Денисов ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;

ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

                                                                             

  

Денисов аудандық

мәслихатының төрағасы                                                              В. Шерер 

Жарияланған күні

24 қаңтар 2024 17:32

Жаңарту күні

24 қаңтар 2024

Түрі