Об избирательных бюллетенях для голосования за кандидатов в акимы Аршалинского сельского округа, Красноармейского сельского округа, Покровского сельского округа, Тельманского сельского округа Денисовского района Костанайской области на выборах, назначенных на 25 июля 2021 года

2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған сайлауда Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округінің, Красноармейск ауылдық округінің, Покров ауылдық округінің, Тельман ауылдық округінің әкімдеріне кандидаттар үшін дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабы 7)-тармақшасына, 37-бабына сәйкес Денисов аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сайлау бюллетеніне Денисов ауданы Аршалы ауылдық округі, Красноармейск ауылдық округі, Покров ауылдық округі, Тельман ауылдық округі әкімдеріне кандидаттардың тегі, аты, әкесінің аты енгізілсін.
  2. Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округі, Красноармейск ауылдық округі, Покров ауылдық округі, Тельман ауылдық округі әкімдерін сайлау бойынша әкімдікке кандидаттар үшін дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің мәтіні осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша сайлаушы азаматтардың бірыңғай электрондық тізіліміне сәйкес, сайлау учаскелеріне дайындалуға және жеткізілуге жататын сайлау бюллетеньдерінің саны сайлау округтері сайлаушылардың жалпы санының бір пайыз резервті қоса алғанда:

Аршалы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша - 764 (жеті жүз алпыс төрт) дана;

Красноармейск ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша - 1162 (бір мың бір жүз алпыс екі) дана;

Покров ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша - 341 (үш жүз қырық бір) дана;

Тельман ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша - 1039 (бір мың отыз тоғыз) дана құрайды деп бекітілсін.

  1. Ауылдық округтер әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдері осы қаулының 3-тармағында белгіленген мөлшерде және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 7 шілдедегі
    № 9/416 қаулысына сәйкес қорғалу дәрежесінде дайындалсын.
  2. Сайлау бюллетеньдерді 2021 жылғы 23 шілдеден кешіктірмей сайлау учаскелеріне жеткізуді қамтамасыз етілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Л.Н. Киселеваға жүктелсін.

 

 

Аудандық сайлау

комиссиясының төраймы                                                 И. Важничая

 

Комиссия хатшысы                                                           Л. Киселёва