Дене шынықтыру және спорт

Дене шынықтыру және спорт

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары

Миссиясы: "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.

Міндеттері:

1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;

3) Әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

16. Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің функциялары»;

1) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асыру;

2) аудандық деңгейде спорт түрлерінен жарыстар өткізу;

3) әртүрлі спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;

4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етуге міндетті;

5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру; ;

6) материалдық-спорттық базаны дамытуды қамтамасыз етуге міндетті;

7)аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметін қамтамасыз ету;

8) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

9) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті

10)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ведомствоның функциялары:

1) балалар мен жасөспірімдер арасында олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты дене бітімін дамытуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру;

2) Балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту бойынша жұмыстар жүргізу, спорттың сан алуан түрлері бойынша әдістемелік және спорттық-бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыруда жалпы білім беретін мектептерге жан-жақты көмек көрсету;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Баспасөз релиздері

Барлық баспасөз релиздері

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға