"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 1 шiлдедегi № 271-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 шiлдеде № 33016 болып тіркелді.
"Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының номинациялары бекітілсін.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
Д. Қыдырәлі |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасының |
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібі
Сыйлық бір мезгілде әр номинация бойынша 2 (екіден) артық емес ізденушіге беріледі. Сыйлықты бір мезгілде 2 (екі) ізденушіге берген кезде әр номинация бойынша оның ақшалай бөлігі олардың арасында тең бөлінеді.
Сыйлықты қайталап беруге жол берілмейді. Бiр кандидатураны бiр номинациядан артық сыйлық алуға ұсынуға болмайды.
Сыйлық авторлар ұжымына берiлсе, оның ақшалай бөлiгi олардың мүшелері арасында тең бөлiнедi.
Комиссия уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органдардың өкілдерінен, ғалымдардан, шығармашыл қызметкерлерден, қоғам қайраткерлерінен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінен, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар қатарынан қалыптастырылады.
Комиссия құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауға және 15 (он бес) адамнан кем болмауға тиіс. Комиссия мүшелерi Комиссия қызметiне ауыстыру құқығынсыз қатысады.
Комиссияны төраға, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады.
Комиссия мүшесі, егер оның тікелей немесе жанама мүдделілігі (мүдделер қақтығысы) болса және қарсылық білдіруге (өздігінен бас тартуға) жататын болса, сыйлық алуға арналған өтінімдерді қарауға қатыспайды.
Комиссия мүшесі туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы Комиссия төрағасын жазбаша нысанда хабардар етеді.
Өздігінен бас тарту және қарсылық білдіру уәжделеді және отырыс басталғанға дейін де, комиссия отырысы барысында да мәлімделеді.
Комиссия мүшесінің өздігінен бас тартуы (қарсылық білдіру) туралы шешімді комиссия жазбаша нысанда, отырыстарға қатысатын оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылдайды және Комиссия мүшесінің қатысуымен жария етіледі.
1) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі;
3) өтінішхат пен сыйлық алуға ізденушінің жетістіктері туралы анықтама;
4) марапаттау дипломдарының, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
5) кандидаттың немесе кандидат туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (болған жағдайда);
6) банктік шоттың болуы туралы анықтаманың көшірмесі;
7) кандидаттың жетістіктері туралы растайтын материалдар (болған жағдайда).
Уәкiлеттi орган сыйлық алуға ізденуші бойынша келіп түскен құжаттарды қабылдап, бір күн мерзімде тіркейді.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде, уәкілетті орган өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынатын ұйымдарға сыйлық алуға арналған өтінімді осы тармақтың бірінші бөлігінде сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабарламаны оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысхатпен немесе олардың электрондық мекенжайларына жібереді.
Ұсынушы ұйымдар хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жоқ құжаттарды уәкілетті органға қағаз және электрондық түрде ұсынады.
Уәкілетті орган хабарламада көрсетілген ескертулерді ескере отырып пысықталған өтінімдерді Комиссияның қарауына ұсынады.
Өтінім осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келтірілмеген жағдайда, хабарламада көрсетілген мерзімде уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде сыйлық алуға арналған өтінімді арыз иесіне қайтарады.
Бірінші кезеңде жан-жақты қарау мақсатында Комиссия мүшелерінің қатарынан "Эстрада, классикалық музыка, халық шығармашылығы", "Әдебиет, театр және кино", "Журналистика және қоғамдық қызмет", "Спорт", "Дизайн және бейнелеу өнері", "Ғылым" бағыттары бойынша 6 (алты) секция құрылады.
Секция жұмысын Комиссия мүшелері қатарынан Комиссия төрағасы тағайындаған басшы басқарады.
Секция отырыстары хаттамамен ресімделеді, оған Комиссияның қатысып отырған мүшелері қол қояды және Комиссияның қорытынды отырысының қарауына беріледі.
Екiншi кезеңде – Комиссия сыйлық беру туралы шешiм қабылдайды.
Комиссияның қорытынды отырысы аудио- және (немесе) бейнетіркеуді пайдалана отырып, ашықтық және айқындық қағидаттарында өткізіледі.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 08.09.2023 № 366-НҚ (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2025 № 275-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 13.06.2025 № 275-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ұсынушы ұйымдар хаттама жобасына қарсылықты хаттама жобасымен хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды.
Хаттамада сыйлық беруге кандидатуралар және себептерін көрсете отырып, сыйлық берілмейтін кандидатуралар көрсетіледі.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 13.06.2025 № 275-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 13.06.2025 № 275-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 13.06.2025 № 275-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Уәкілетті орган ақшалай сыйақыны сыйлықты беру туралы бұйрық шығарылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сыйлыққа ие болған адамның банктік шотына аударады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 13.06.2025 № 275-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
|
"Дарын" мемлекеттік |
|
|
Нысан |
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі
Аты _____________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болған кезде)______________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
___________________________________________________
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларының 9-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
1.
2.
Ұйым басшысы __________________ _________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Мөр қою орны (болған жағдайда)
20__ жылғы "___"_________
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының номинациялары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 13.06.2025 № 275-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы мынадай номинациялар бойынша беріледі:
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК