Психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығының фронт-кеңсесі

СИПАТТАМАСЫ

Психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығының «Фронт-кеңсесінің» мақсаты өмірлік қиын жағдайларға тап болған балаларға, ата-аналар мен педагогтарға психологиялық қолдауды қамтамасыз ету, психологиялық сүйемелдеу, балалар мен жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқын алдын алу болып табылады.

Орталықтың жұмысы әртүрлі форматтарда жүргізіледі: психологиялық диагностика және ағарту, кеңес беру, түзету сабақтары, психологиялық оңалту және әлеуметтік-психологиялық бейімдеу, жедел әрекет ету тобы.

Азаматтармен кеңес беру жұмысының ыңғайлылығы үшін тәулік бойы сенім телефоны (24/7) жұмыс істейді, онда психологиялық проблемалар бойынша практикалық кеңестер, ұсынымдар, кеңестер алуға болады.

Мамандар Орталықтың диалогтық алаңында әлеуметтік желілерде (ВКонтакте, Одноклассник, Facebook, Instagram), белсенді түрде жұмыс жүргізеді, онлайн - кеңес береді, пайдаланушылармен мемлекеттік және орыс тілдерінде (сұрақ, жауап) күн сайын «тікелей эфир» жүргізіледі, онда ұсынымдар, нұсқаулар беріледі, жастармен өзекті тақырыптар талқыланады.

Директоры: Елена Александровна Петренко

Байланыс ақпараты:

Кеңсе мекенжайы: Қостанай қ., Толстой көш., 49

Сенім телефоны: 8-7142-37-08-58, 8(708) 087 42-01(күні-түні).

 

Фейсбук станицасына сілтеме:

https://www.facebook.com/profile.php?id=100035813020883

 

Одноклассник бетіне сілтеме:

https://ok.ru/profile/587533922313

 

ВКонтакте бетіне сілтеме:

https://vk.com/id538686917

 

Инстаграм бетке сілтеме:

https://www.instagram.com/p/CA74eLOgCWJ/?igshid=1xw3yz95uitjo

МІНДЕТТЕРІ

- балалар мен жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқыны алдын алу;

- балалар мен ата-аналар арасындағы қатынастар мәселелерін шешу;

- балаларға зорлық-зомбылықты және қатыгездікті алдын алу;

-облыстың педагог қызметкерлеріне, оның ішінде педагог-психологтарға әдістемелік, оқыту психологиялық-педагогикалық көмек көрсету (қазақстандық және шетелдік мамандардың қатысуымен семинар-тренингтер, коучингтер);

- білім беру үдерісінің барлық субъектілеріне психологиялық қолдауды қамтамасыз ету (диагностика, консультациялар, тренингтер, түзету);

- қосымша білім беру жүйесін дамыту: үйірмелер, студиялар (қосымша білім берудің жаңартылған мазмұнын, Арт – терапия, құм терапиясы және т. б. психологиялық әдістерді енгізу).