
Қасым Абай Қасымұлы 1979 жылы 27 наурызда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Южный (қазіргі А.Байтұрсынұлы ауылы) совхозында дүниеге келген. 1985-95 жылдар аралығында А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінде оқып, 11-жылдық орта білім алған.
Мектеп қабырғасында жүріп, жазғы маусым уақыттарында ауылда төмендегі еңбек жолдарымды бастаған;
-1989-1991 жылдары Қарасу ауылының (Южный) - қызыл кірпіш кұю бригадасының маусымдық жұмыскері болған. (бригадирі (Әбдіманов) Ернесбаев Ғалым).
-1992 жылы Қарасу ауылының (Южный) – МТМ маусымдық жұмыскері болып атқарған. (бас механик Қосаев Темир және Болат Жусин).
-1993 жылы Қарасу ауылының (Южный) – маусымдық құрылыс жұмыскер (құрылыс бригадирі Б.М.Бекетов).
-1994 жылы Қарасу ауылының (Южный) Шошқакөл фермасының – мал қыстақтарына шөп тасушы болып маусымдық жұмыс істеген. (аға механик Қ.Орынбаев және Ә.Қайырбеков).
-2001-2002 жылы Н.Г.Гумилев атындағы Ұлттық университетінің аға қызметкері.
-2004-2005 жылы Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық министрлігінің Жангелдин аудандық аумақтық басқармасының заңгері болып қызмет атқарған.
-2005 жылы 7-қыркүйегінен бастап «Жангелдин ауданының білім беру бөлімі»ММ-не жетекші маман, 2007 жыл бас маман, 2021 жылдан бастап Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі.
Білімі: Ахмет Байтұрсынов атындағы университеті менеджер-технолог, Қарағанды Қазтұтыну экономикалық университетінің-құқықтану және Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының тарих мамандығын бітірген.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі: 20 жыл 2 ай
Осы саладағы еңбек өтілі (білім бөлімінде ): 19 жыл 3 ай
Марапаты жетістігі:
-2017 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы
- 2019 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хаты
- 2017 жылы Қостанай облысы әкімінің құрмет грамотасы,
- 2009 жылы Қостанай облысы білім басқармасының құрмет грамотасы
- 2013 жылы Жангелдин ауданы әкімінің құрмет грамотасы
- 2021 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен нагаратталған.
- 2023 жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университетінің алғыс хаты
-2023 жылы Қостанай облысы білім басқармасының алғыс хаты.
- 2024 жылы Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және орта білім беру Департаментінің Өрлеу Қостанай облысы бойынша филиалының алғыс хаты.
- 2024 жыл «ZERDELI» ақыл ой дамыту орталығының алығыс хаты.