"Тимофеев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында тұрақты негізде іс-шаралар кешенін (семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер) ұйымдастырады және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Консультациялар мен түсініктемелер мемлекеттік және орыс тілдерінде өтеді. Ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттері мен стандарттары орналастырылған.
Тимофеев ауылы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтердің он төрт түрін көрсетеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының заңын, Мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын басшылыққа алады. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болған жоқ.
Ауыл әкімінің аппаратында пилоттық режимде "e-Qoldau" Интернетке ашық қол жеткізу пункті жұмыс істейді, ол қажетті анықтаманы алуға және жүктеп алуға, дәрігерге кезекке жазылуға авиа және теміржол билеттерін сатып алуға мүмкіндік береді - терминал электрондық қызметтердің барлық спектрін ұсынады.