Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл
Шоқан Уәлиханов – Ұлт мақтанышы
«Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел»
Ғабит Мүсірепов
Биыл қазақтың біртуар ғалымы, саяхатшысы, ағартушысы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың (шын есімі Мұхаммед Канафия; 1835-1865) туғанына 190 жыл толып отыр. Шоқан – XIX ғасырдағы қазақ халқының ғылымы мен мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан тұлға.
Ұлы ғалым Шоқан Шыңғысұлы ел халықтарының мәдениеті мен идеялық өмір тарихында маңызды орын алды. Ғалым шығарламалары дәуір рухымен үндес. Қазақтың халық поэзиясына алғаш теориялық талдау жасады. Ұлттық әдебиеттану ғылымының негізін қалады.
Дарынды ғалым Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Аманқарагай округіндегі Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Бүгінгі бұл Құсмұрын елді мекені. Жастайынан зерек болып, орыс-қазақ мектебінде, кейін Омбы кадет корпусында білім алды. Ол тарих, этнография, география салаларында көптеген еңбектер жазды. Әсіресе, қазақ халқының тұрмысы мен салт-дәстүрін зерттеудегі еңбектері ерекше құнды.
Өмірі қысқа болса да бай ғылыми мұра қалдырды, осы уақытқа дейін ғылыми ортада жоғары бағаланған. Ол Қашқарияға жасаған сапарында Шығыс Түркістан халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеп, Еуропа ғылымына үлкен жаңалықтар әкелді. Шоқанның «Қырғыздар туралы жазбалары», «Абылай», «Ыстықкөл сапарының күнделігі» сияқты еңбектері – қазақ ғылымының алтын қоры.
Бүгінгі таңда Шоқан Уәлихановтың есімі Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемге танымал. Оның құрметіне ескерткіштер орнатылып, ғылыми орталықтар, жоғары оқу орындары аталған. Шоқанның өмірі – жастар үшін үлгі, білім мен ғылымға деген ұмтылыстың символы.
190 жылдық мерейтой аясында еліміздің түкпір-түкпірінде конференциялар, көрмелер, ғылыми зерттеу жұмыстарын насихаттайтын іс-шаралар өтуде. Бұл – ұлы ғалымға деген құрметтің белгісі.
Қорытындылай келе, Шоқан Уәлиханов – өз халқының болашағын ғылым жолымен көркейтуге тырысқан ұлы ғалым. Оның мұрасы – мәңгілік қазына.