ЕҢБЕК АДАМЫ![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
Маңдай терімен адал еңбек етіп, қоғамға, елге пайдасын тигізіп жүрген Еңбек адамының бірі- Қарасу ауылының тұрғыны Жүнісов Ғабдылмәжит Жақсылықұлы.
Ғабдылмәжит Жақсылықұлы 1969 жылы Қарасу ауылында туып, 1976 жылы Жасбуын орта мектебінің табалдырығын алғаш аттап, 1986 жылы аяқтады. Мектеп бітірген соң, Амангелді ауданындағы орта кәсіптік-техникалық училищенің (ол кездегі СПТУ) автомектеп бөлімінде оқып, білім алды. 1987-1989 жылдар аралығында Белоруссияда әскери борышын өтеп келген соң, осы ауылда электрик болып жұмыс істеді.
1992 жылдан бері құрылысшы болып жұмыс жасауда. Ауылдың барлық қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, көп жылдар бойы халыққа сіңірген еңбегі үшін аудан, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Аудан орталығында көрнекті меценат Сапар Ысқақовтың қолдауымен бой көтерген " Тәж-Махал" туристік орталығының құрылысы; Қарасу ауылының кіреберіс аркасы; балалар саябағы; "Олар жеңіспен оралды!" ескерткіші т.б. ауылдың көрнекті құрылыс нысандарына айтарлықтай өз қолтаңбасын қалдырып жүрген шебер құрылысшы.
Ғабдылмәжит Жақсылықұлы жұбайы Нұрсұлу Ғабдылқызымен 5 бала тәрбиелеп, әзірге 5 немере сүйіп, сүйікті ата, әже атанған үлгілі отбасы. Шебер құрылысшының отбасына амандық, жұмысына береке, табыс тілейміз!