2020 жылдың 1 қарашасынан бастап ТІЖ бойынша пилоттық жоба!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық заңнамасында ТІЖ енгізу көзделгенітуралы хабарлайды.
ТІЖ ресімдеу және ресімдеу тәртібін сақтау жөніндегі нормалар Салық кодексінің 176-бабында, сондай – ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 6 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен айқындалған.
ТІЖ – бұл Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) электрондық нысанда ресімделетін тауарға ілеспе жүк құжат.
2020 жылғы 1 қарашадан бастап Дүниежүзілік сауда ұйымының алу тізбесінен тауарларды, акцизделетін тауарларды және электрондық шот-фактуралар Виртуалды қойма модулі арқылы жазып берілетін тауарларды өткізетін салық төлеушілер іске қосу жоспарлануда.
Сондай –ақ ТІЖ ЕАЭО шеңберінде экспорттық-импорттық операциялар кезінде барлық тауарлар бойынша ресімдеуге жатады.
Пилоттық жобаны 2020 жылғы 1 қарашадан бастап іске қосу жоспарланып отыр және ТІЖ міндетті енгізу мерзіміне дейін қолданыста болады.
Пилоттық жоба кезеңінде ТІЖ ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаға қатысушылар « әкімшілік құқық бұзушылар туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 283-1 бабында көзделген әкімшілік жауаптылықтан босатылады.
Пилоттық жобаға қатысушылар ТІЖ ресімдеу тәртібін техникалық қолдауда электрондық мекенжайға жіберу арқылы пысықтау бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы esfsd@mgd.kz, «ТІЖ ресімдеу тәртібін пысықтау жөніндегі ұсыныстар» белгісімен.
ТІЖ «электрондық шот - фактуралар» ақпараттық жүйесі (Виртуалды қойма) арқылы ресімделеді.
Жобаның қатысушылары болып табылатын акцизделетін тауарларды өндіруші субъектілер мен өткізушілер үшін пилоттық жобаның қолданылу кезеңінде акцизделетін тауарлар мен операциялар кезінде тауарларға арналған жүк құжаттарды (ТІЖ) қоса беру ресімделеді.
Пилоттық жоба салық төлеушілерге ТІЖ-мен жұмыс істеуге бейімделуге, олардың есеп жүйелерін және жеткізушілер мен сатып алушылар мен өзара әрекеттесуді орнатуға арналған.
Амангелді ауданы бойынша МКБ
1