Мәслихаттың 2022 жылғы 27 желтоқсандағы №147 «Амангелді ауданының 2023 - 2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Амангелді аудандық мәслихатының «Амангелді ауданының 2023 - 2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 2022 жылғы 27 желтоқсандағы №147 шешіміне, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №176113 болып тіркелген, мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Амангелді ауданының 2023 - 2025 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 3 827 057,8 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсімдер бойынша – 805 828,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 31 570,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 2 989 658,8 мың теңге;
2) шығындар – 3 841 157,1 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 11 605,0 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер – 31 050,0 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 19 445,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 37 732,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 37 732,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 63 436,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –63 436,3 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
3