Рассвет негізгі орта мектебі мемлекеттік қызмет
Мемлекеттік қызмет
Рассвет негізгі орта мектебінде 2020-2021 оқу жыдында мемлекеттік қызмет адамдардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын нысандардың бірі. Атқарылатын қызмет электронды үкімет egov.kz веб порталында электрондық цифрлы қолтаңба көмегімен онлайн тапсырыс беруге негізделген. Мектебіміздің бірінші қабатында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық стенд орналасқан және мемлекеттік қызымет бұрышы бар. Онда арнайы Электрондық қызыметтерді алуға арналған сервистер яғни «электрондық үкімет» порталы еqov.kz қызмет стенді ілінген. Мектепке оқушылар мен тәрбиеленушілерді қабылдау электронды және қағаз түрінде жүргізілді. Шағын орталыққа -15 тәрбиеленуші қабылданса, 1 сыныпқа- 5 оқушы қабылданды. Мектептен мектепке қозғалыс жасап отырған оқушылар саны 1 Мектепке қабылдау, жеңілдетілген тегін тамақмен қамту Smartnation (смартнэйшн) арқылы электронды үлгіде қызмет көрсетіліп отыр.
«Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік қызметі электрондық нысанда жүргізіледі. Бұған дейін өтініштер қағаз түрінде жасалған, ал қазір электронды нұсқа арқылы мемлекеттік қызмет көрсетіліп отыр.
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтарды ұсыну» мемлекеттік қызметі Smartnation (смартнэйшн) арқылы электронды түрде көрсетілді, ол үшін тегін және жеңілдетілген тамақтарды алуға құқылы ата-аналармен түсінік жұмыстары жүргізіліп, тиісті құжаттар жинақтау үшін құжаттар тізбесі ұсынылды. 2021-2022 оқу жылдарында 20-білім алушы тегін ыстық тамаққа тартылды. Әр айдың соңында мемлекеттік қызмет бойынша тиісті орынға есеп тапсырылып отырылады.
Мектептегі мемлекеттік қызметтің бір бағыты Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына қосымша 2020 жылғы 11 мамырдағы № 192 бұйрығы негізінде
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бойынша жұмыс жүргізіледі. Соңғы жылдары 3 педагогке мемлекеттік қызмет электорнды түрде көрсетілді. 2- ші кезеңге өту үшін өтініш берген педагог ХҚКО портфолиоларын тапсырды, педагогтерге қолхат берілді. Берілген қолхаттар білім беру ұйымдарында тіркелді. Берілген өтініш негізінде педагог- модератор біліктілік санаты үшін мектеп береді, педагог- сарапшы аудандық білім беру ұйымы, педагог- зерттеуші облыстық білім басқармасы жүзеге асырады. Ережеге сәйкес біліктілік санаттарын беру (растау) жөніндегі бұйрық шыққаннан кейін НОБД- ға тіркеледі. Осы уақытқа дейін аттестаттауға байланысты қайтарылған құжаттар болған жоқ. Жалпы мемлекеттік қызмет бойынша 2020 – 2021 оқу жылында 30 қызмет көрсетілді.
4