Ковид-19-ға қарсы екпе!

Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап коронавирусты инфекцияға қарсы ерікті түрде екпе жүргізу басталады. Екпе тегін, жоспарланған адамдардың алу-алмауы өз еріктерінде. Вакцина вирустық инфекциялардың алдын-алу және бақылаудың ең тиімді әдісі болып табылады. Аудан бойынша 2113 адам жоспарланып отыр, олар кезең-кезеңмен жыл аяғына дейін егіледі. Вакцинаны ең алдымен инфекцияны жұқтыру қауіпі жоғары адамдар  егілетін болады. Оларға медициналық қызметкерлер,оның ішінде инфекциялық бөлімше, жедел жәрдем, жансақтау және интенсивті емдеу,медициналық алғашқы санитарлық көмек көрсету бөлімшелердің персоналдары,санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары – 97 адам, ақпан айында егу жоспарлануда. Наурыз айында – 510 адам, олар мұғалімдер, сәуір айында 205 адам жоспарланып отыр бала-бақша қызметкерлерімен диспансерлік есепте тұрғандар. Мамыр айында 351 адам, ІІБ,ТЖБ,ҚБ, қалған медицина қызметкерлерімен созылмалы ауруы барлар. Маусым айынан жыл соңына дейін созылмалы ауруы бар 950 адам жоспарланған. Коронавирусқа қарсы екпе  коронавируспен ауырғанына 6 айдан аспаған адамдарға, медициналық көрсеткіштер бойынша, коронавируспен ауырған науқастармен қатынаста жүргендерге және 18 жасқа дейінгілермен 65 жастан асқан адамдарға салынбайды.

Бүгінде түрлі ақпарат көздерінде вакцинацияны түкке жарамсыз ететін пікірлер де жұртты шатастыруда.  Яғни, жұқпалы ауруларға қарсы күрестегі бірден-бір құрал халықты егумен толық қамту екенін жұртшылықтың жаппай түсінуі маңызды.  Дана халқымыз «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағидасын іске асыратын жұқпалы ауруларға қарсы екпенің қажеттілігі  өте жоғары екендігі белгілі ғой.

Тұрғындарды вакцинацияға белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

 

«Амангелді аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы»  РММ        

                             

 

Дата публикации

04 февраля 2021 00:00

Дата обновления

04 февраля 2021