Тасты ауылдық округінің әкімі С.М. Кадиршиновтың ауылдың 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы халық алдында есеп беру баяндамасы

Амангелді ауданы әкімідігінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №215қаулысымен Тасты ауылы және Қарынсалды ауылдық округі қосу жолымен Тасты ауылдық округі болып қайта құрылды, қазіргі уақытта ауылдық округ құрамына Тасты, Қарынсалды ауылдары, Горняк елді мекені кіреді.Тасты ауылы аудан орталығынан 76 шақырым, облыс орталығынан  420 шақырым қашықтықта орналасқан. Қарынсалды ауылы аудан орталығынан  120 шақырым, облыс орталығынан қашықтығы – 450 шақырым, ең жақын темір жол бекетіне дейінгі қашықтығы 45 шақырым.

2021 жылдың 1 қаңтарына текті ауылдық округтегі аула саны 128,халық саны 517 адам, оның ішінде жұмыс істейтіндер 220,жұмыссыз 3, зейнеткерлер 47, мүмкіндігі шектеулі жандар 17. Мектеп жасында 109 бала, мектепке дейінгі жаста 84 бала.

          Тасты ауылдық округі бойынша Тасты ауылы мен Қарынсалды елді мекенінде  2021 жылдың 1 қаңтарына текті меншіктің барлық түрлерінде 3056 бас ірі қара, қой-ешкі 3396 бас, 1331 бас жылқы, 5207 құс тіркелген, қыс мерзіміне барлығы 12972 тонна мал азығы дайындалды. Қазіргі таңда мал басының артуына байланысты қысқы шөп азығын дайындауда қиыншылықтар туындауда, осыған байланысты ауылдағы шаруа құрылымдарымен екпе шөп түрлерін өсіруді қолға алынса, жақсы нәтижелер болары анық.

Ауылдық округте 4 ЖШС, 55шаруа қожалығы жұмыс істеуде, 6  жеке кәсіпкер тіркелген. 3  қырман мен  сыйымдылығы 49800 тонна болатын 15  қойма бар. 2019  жылы Тасты ауылы диқандары 13720 га жерге дәнді дақылдар егіп, 96040 тонна астықты қамбаға құйды. Егіннің орташа шығымдылығы гектарына 7 центнерді құрады. Қарынсалды ауылы бойынша 87751гектар жерге дәнді дақыл егіліп,  шығымдылығы әр гектардан 9,6 центнерден болып, барлығы 70700 тонна  өнім жиналды, 200 гектар жерге көпжылдық,  550 гектар жерге бір жылдық шөп егілді. 8590 гектар жерге егіс алды өңдеу жұмыстары жасалып, 52408 гектар жер арам шөптерге қарсы гербидцидтермен өңделіп, гербидцидтердің құнын арзандату үшін 12 млн 351 мың 13теңгенің субсидиясы төленді.Биылғы жылы минералды тынайтқыштарға төленеті субсилия көлемі 50 пайызды құрап отыр, осыған байланысты шаруа құрылымдарына жоспармен  алынатын тынайтқыштар көлемі жайлыхабарламаны ерте берулеріңіз сұралады. Шаруа қожалықтарына   көктемгі егіс   жұмыстарын жүргізуге 142,8 тонна  жанар-жағар май  арзандатылған бағамен бөлінді.

          «Кейкі батыр», «Жанбуршин» шаруа құрылымдары 13,5 гектар жерге қауын-қарбыз, картоп, көкөністер өнімдерін егіп жақсы түсім алды, түскен өнімді Арқалық, Амангелді өңіріне сатып, пайдасын көрді. Алдағы уақытта бақша шаруашылығын дамытып, игерілетін жер көлемін арттыру көзделуде.    Ауылшаруашылығы техникаларының паркі жыл сайын жаңа техникалармен толықтырылуда. Егінді уақытылы егіп, шыққан өнімді дер кезінде жинап алуда техниканың атқаратын рөлі аса маңызды, осы орайда  «Табыс» ЖШС өз қаражаты есебінен жалпы сомасы 83 млн 559 мың 902 теңгеге прицеп, Камаз,комплект авагро компьютер GPS, рыхлитель 3 дана, жатка, погрузчик 2 дана. «Ернұр» ШҚ лизингпен «ВЕКТОР» комбайнның 51 млн теңгеге алды.  «НұрАли» ЖШС 92 млн, «Жанбуршин Б» ШҚ 42 млн, «Шайхин» ШҚ 50 млн теңгеге ауыл шаруашылығы техника құралдарын сатып алды.

Ауылдық округте 1 жалпы білім беретін, 1 негізгі  орта мектеп, 2 фельдшерлік акушерлік пункт, 2 ветеринарлық пункт, 2 ауылдық кітапхана, 1 клуб қызметкері, 2 пошта қызметкері, 1 учаскелік инспектор, 4 дүкен   қызмет көрсетеді.  

Есепті мерзімге текті ауыл бойынша «Қазақтелеком» байланыс торабы арқылы 75 телефон нүктесі қызмет көрсетуде және «Билайн» мобильді байланыс жүйесі пайдаланылуда, Қарынсалды ауылы бойынша 20 телефон нүктесі қызмет етуде, Горняк ауылында «Билайн» мобильды жүйесі іске қосылған. Қазақстандық спутниктік желі арқылы тарайтын «Отау-ТВ» қондырғысы барлық үйде орнатылған. Ауыл тұрғындары ауыз суды  5 құдықтан пайдаланады, өз ауласының аумағы ішінде дербес құдық қазып пайдаланушы 20 үй бар, Қарынсалды және Горняк ауылдарында аула ішінде қазылған дербес 30 құдық (скважина) бар.

Тасты жалпы білім беретін орта мектебінде оқу жылында 84 оқушы білім мен тәрбие алуда. Мектепте 24 ұстаз жұмыс жасайды.  Мектеп алдындағы даярлық сыныбында 10 бала. Мектеп оқушылары футбол, баскетбол, домбыра, үйірмелеріне қатысады. Лингафон және мультимедиялық, биология пәні сыныптары бар. Мектеп бойынша 12 үздік,31 екпінді оқушы бар. Білім сапасы 51 пайыз. Жылу маусымы қалыпты өткізілуде, 187 тн көмір түсірілді. От жағу кезеніне 3 отжағушы жұмысқа алынды. 2019 жылы ауылымызда мектеп жаңынан 20 балаға арналған қазіргі заманғы талаптарға лайық толық күндік балабақша ашылды. Бұл игі іске аудан әкімі Әмірхан Біркенұлы Асановтың бастамасымен және ауылымыздағы іргелі шаруашылық субьектісі  «Табыс» ЖШС басшысы Саматов Бірнар Әділұлы 2,5 млн теңгеге демеушілік жасап, құрылыс жұмысының толығымен басы-қасында болып, сапалы аяқталуына мұрындық болды. Ауыл халқы атынан осындай игі шараға демеуші болған, құрылыс жүргізген азаматтарға, мектеп мұғалімдеріне үлкен ризашылық білдіремін.

Қарынсалды жалпы білім беретін негізгі мектебінде 41 бала оқиды, мектеп жасына дейінгі жастағы 27 бала мектеп қабырғасынан ашылған шағын орталықта 5 тәрбиеленуде. Демеушілердің көмегі арқасында балалар ыстық тамақпен қамтылған, медициналық кабинет жұмыс жасайды, мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектеп интернет жүйесіне қосылған. Мектепке қысқа қажетті 102 тонна көмір түсірілді.

Тасты ауылдық фельдшерлік-акушерлік пунктінде  4 адам ( 1 медбике, 1 мектеп медбикесі, 1 санитар, 1 көлік жүргізушісі) жұмыс істейді. Жедел жәрдем автокөлігі 4 жылдан бері жүруге жарамсыз,  жаңартуды қажет етеді. 2019 жылы медициналық пункт әкімшілік ғимаратына көшірілді. Жыл басынан бері қабылдауда 650 адам болса,  флюрографиялық тексеруден 190 адам, скринингтен 56 адам өткерілді. 2020 жылы 4сәби дүниеге келді. Ауылдағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде.   Қарынсалды ауылында 1 медициналық пункт халыққа қызмет көрсетеді. Халықтың денсаулығын үнемі тексеріп емдеу, алғашқы көмек көрсету, созылмалы ауруы бар адамдарды қадағалау, аурулардың алдын алуда профилактикалық іс шаралар жүргізуде 1 медбике қызмет жасайды.  Жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз етілген, жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Медициналық пунктке жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізіліп отырады. Қазірге текті қыс мезгіліне қажетті 10 тонна көмір түсірілді.

Ауыл бойынша көктемгі және күзгі ветеринариялық жұмыстар өз дәрежесінде жүргізілді. Мал дәрігерлері  жыл бойы  профилактикалық жұмыс барысында  1748 бас ірі-қарадан, 4115 бас қой-ешкіге мал ауруларын алдын алу мақсатында екпе салынып, қан алынды, жыл көлемінде Тасты ауылында 15 ит, Қарынсалды ауылында 9  атылды.Ветеринариялық-эпизотикалық жағдай қалыпты болды.Екі ауылда да ветеринариялық пункт интернет желісіне қосылған. Ауылдық округ көлеміндегі мал басы түгел бірдейлендіріліп, компьютерге енгізілді.  Бруцулез ауруына шалдыққан 5 бас мал түгелдей сою пунктіне өткізілді. Бруцулез аулуына шалдыққан мал иелерінің қораларына өз қаражаттары есебінен дезинфекция жасалды.

Ауылдық округте құқықтық бұзушылықты болдырмау мақсатында 1 учаскелік инспектор жұмыс істейді. Учаскелік инспектор орны жаңа орынға ауыстырылды. Жұмысқа қажетті жиһазбен, компьютермен, қамтамасыз етілген. 2020 жылы  10 әкімшілік , 4 тұрмыстық құқық бұзушылық хаттамасы толтырылды.

Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында әлеуметтік жұмыс орнына 5 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 10 адам тұрғызылды. «Табыс» ЖШС қарамағында  7 тұрақты  жұмыскер, 18 маусымдық жұмысшы, әр шаруа қожалығында 1 жұмыскерден тұрақты еңбек етеді. «Табыс» ЖШС барлық жұмысшаларға еңбекақысы уақытылы төленуде, жұмыскерлерге қысқы маусымға қажетті көмір және қысқы мал азығын арзандатылған бағамен түсіріп береді.

Ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыруға мүмкіндік жасау мақсатында, төмендегідей жұмыстар жасалды:  «Еңбек» бағдарламасының  «Бизнес бастау» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер А.Тоқмағамбетов 3 млн 400 мың теңге, Лескин М. 2 млн 600 мың мал басын өсіруге,  2 адам қайырымсыз (грант) несиесін жеңіп алып 550 мың теңгеден алып  шаштараз бен тізін цехін ашты.2020 жылға текті 6 жеке кәсіпкер жұмыс атқаруда: А.Кадиршинова мал өсіру және дүкен, С.Қабдрашева монша, К.Платонова дүкен, Н.Алимсурина , С.Көшекова  мал өсіру бағыттары бойынша жұмыс жасауда.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Табыс» ЖШС 50 млн  теңгеге 40 бас аналық шетелдік  мал сатып алды, ауыл бойынша 11 асыл тұқымды бұқа сатып алынып, асылдандыру жұмыстары жүргізілді.

Ауыл тұрғындары мен шаруашылық басшыларын мал шаруашылығын дамытуға арналған мемлекеттік «Сыбаға», «Еңбек», «Игілік» т.б. бизнес бағдарламаларына қатынасуға шақырамын, бұл жағдайлар ауылдық округ көлеміндегі ауыл шаруашылығының ғана емес, жекелеген тұрғындардың да жағдайларының жақсаруына оң әсер ететіні сөзсіз.

         Ауыл көшелерін  тәуліктің қараңғы кезінде жарықтандыру мақсатында көше шамдары  іске қосылған.Жыл бойы санитарлық тазалықты сақтау жұмыстары тұрақты жүргізілді. Ауыл тұрғындарының күшімен ауыл бойынша 800 тонна күл-қоқыс шығарылды.                                             Қарынсалды ауылының аудан, облыс орталығынан қашықта орналасуына байланысты, жол мәселесі ең өзекті мәселенің бірі болып саналады, осы орайда өткен жылы «Арқалық-Торғай» тас жолына дейінгі 44 шақырым көтерме жолдың қазылып қалған жерлеріне өткен жылы тас төселді, биылғы жылы жаңбырдың көп болуына байланысты, ауыр техникалар жүргенде жолдар қазылып, ойылып бұзылып кетті, алдағы уақыттарда  жөндеу жұмыстарының жасалуын қажет етеді. Осы мақсатта аудандық бюджеттен 4 млн теңгеге бұзылған жерлерге қиыршық тас төсеу жоспарлануда.

Ауыл намазханасында апта сайын жұма намазы және тарауық, айт намаздары оқылып, діни іс-шаралар   өткізіледі. Ауылдағы діни ахуал қалыпты, теріс ағымдағы діни  бағытты ұстанушылар жоқ. Ауыл имамының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары, ауыл жастары арасында діни құндылықтарды насихаттау бағытында түрлі кездесулер, әңгімелесулер ұйымдастырылуда.

         Ауылдық кітапханада кітап қоры – 7725дана, жыл басынан 52кітап жаңадан қорға түсті,  оқырман саны 212 адамды құрайды. Ауыл бойынша 2020 жылға мерзімдік баспасөзге жазылу жұмыстары жоспар бойынша жүргізілді.

 Жыл басынан бері мереке күндеріне байланысты  салтанатты жиылыстар және түрлі концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Шараларға ауыл азаматтары мен шаруа қожалықтары үнемі ат салысып, демеуші болады.

Биылғы жылы «Мектепке жол» акциясына ауыл әкімшілігі, «Табыс» ЖШС, медициналық пункт қызметкерлері,  мектеп ұжымы  көп балалы отбасылардан тәрбиеленетін 8 балаға оқуға қажетті  құралдар, киімдер  әперуге ат салысты.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауыл тұрғындары арасында спорттық жарыстар жүйелі түрде өткізілуде. 2019 жылы ауыл бойынша 23 әр түрлі спорттық сайыстар өткізіліп, оларға 415 адам қатыстырылды.

Ағымдағы жылға арналған іс-шаралар: жаз айларында аббаттандыру  және тазалық жұмыстарын жұмыстарын жүргізу мақсатында Президентіміздің  жарлығымен бекітілген 2020  «Еріктілер» жылы аясында ауыл жастарымен көшелерге тал егу, күл-қоқыс және бұзылған үйлердің орнын шығару жұмыстары жүргізілді.

 

 

Дата публикации

15 января 2021 00:00

Дата обновления

15 января 2021

Направления