Жалпы мәліметтер
Ауданда бүгінгі күні дене шынықтыру және спорт бойынша 95 штаттық қызметкер жұмыс істейді. Ауданда 60 дене шынықтыру ұжымдары жұмыс істейді, онда 5491 адам дене шынықтырумен және спортпен айналысады,бұл аудан халқының 33,4% құрайды.
Ауданда спорт ғимараттарының саны 55 бірлікті құрайды. Оның ішінде 1 стадион, 20 спорт залы, 1 спорт кешені, 5 ату тирі, 24 жазық ғимарат, 1 хоккей корты, Ауданда балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, онда оқу-жаттығу процесі бойынша сабақтарды 620 оқушымен 11 жаттықтырушы өткізеді, спорттың алты түрі бойынша волейбол, футбол, бокс, дзюдо және қазақ күресі.