Жиі қойылатын сұрақтар

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін "Мұрағаттық анықтамалар, мұрағаттық құжаттардың көшірмелері немесе мұрағаттық үзінділер беру" мемлекеттік қызмет көрсету ережесінің 8 тармағына сәйкес (ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 ж. № 159 бұйрығы) келесі құжаттар тізбесі:
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу. Үшінші тұлғаларға мәліметтер сұрату кезінде заңды тұлға үшін – өкілеттігін растайтын құжат не жеке тұлға үшін – нотариалды куәландырылған сенімхат (уәкілетті өкіл жүгінген кезде);
Мемлекеттік корпорацияға:
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады) және заңды тұлға үшін – өкілеттігін растайтын құжат не жеке тұлға үшін – нотариат куәландырған сенімхат (уәкілетті өкіл жүгінген кезде);
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, өкілеттігін растайтын құжат немесе көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға ұсынған кезде нотариат куәландырған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері сәйкестендіру үшін жеке куәліктің көшірмесін жасайды, содан кейін оның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады).