«Қостанай облысының Үздік архившісі-2023» байқау
Қостанай облысы архивт қызметінің 100 жылдығын мерекелеу аясында «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» КММ «Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ-мен бірлесіп «Қостанай облысының Үздік архившісі-2023» конкурсын өткізеді.
Конкурс жастарды архив саласында кәсіби қызмет құруға және мансаптық өсуге ынталандыру, архив саласындағы озық тәжірибені жинақтау және тарату, архившілердің кәсібилігін жетілдіру және олардың біліктілігін арттыруды ынталандыру, инновациялық әзірлемелер жасауда мамандарды қолдау мақсатында өткізіледі.
Конкурсқа мемлекеттік архив мекемелерінің, жергілікті атқарушы және өкімдік органдардың аумақтық (қалалық және аудандық) архивтерінің мамандары қатыса алады.
Қатысушылардың конкурстық жұмыстары 2023 жылғы 1 маусымға дейін kost.arkhiv@mail.ru. электрондық поштаға қабылданады. Конкурстың үйлестірушісі-«ҚОМА» КММ құжаттарды пайдалану және жариялау бөлімі.
Конкурстың қорытындысы «Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ ресми сайтында, архивтің әлеуметтік желілерінің беттерінде, «Архивист» бюллетенінде жарияланады.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау Қостанай облысының архив қызметінің 100 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада өтеді.
#KostanayArchive100
89
02 наурыз 2023 12:26
02 наурыз 2023