Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті жобалау-іздестіру жұмысы басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті
Астана қаласы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Су ресурстары және суды пайдалану
- География
- Экология
- Гидрология
- Геодезия және картография
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
- Геодезия
- Гидрогеология және инженерлік геология
Функционалды міндеттер
Басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының актілері мен тапсырмаларының уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттаманың талаптарын орындайды;
Мемлекеттік құпиялар саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындауды және құпиялылық режимін қамтамасыз етеді;
Шетелге рұқсатсыз шығу фактілері үшін дербес жауапкершілік көтереді;
«Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы Министрлікке келіп түскен азаматтардың өтініштері бойынша мәселелердің сипаты мен қабылданған шешімдердің дұрыс толтырылуын қамтамасыз етеді;
Министрлік басшылығының өз құзыреті шегіндегі өзге де тапсырмаларын орындайды;
Басқарманың перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларын әзірлейді, бекітуге ұсынады және олардың уақтылы орындалуын бақылайды;
Республикалық бюджет, халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздары мен гранттары есебінен іске асырылатын гидротехникалық құрылыстардың, ирригациялық жүйелердің және топтық су құбырларының алдын ала жобалау және жобалау-сметалық (сметалық-жоба) құжаттамасы бойынша инвестициялық жобаларды әзірлеуге қатысады және үйлестіреді;
Өз құзыреті шегінде Комитеттің бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуын ұйымдастырады және бақылайды;
Комитеттің бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджеттік өтінімдерге есептерді дайындауды бақылауды жүзеге асырады;
Өз құзыреті шегінде Комитеттің бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің есептерін дайындауға бақылау жұргізу;
Гидротехникалық құрылыстардың, ирригациялық жүйелердің және топтық су құбырларының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу мәселелері бойынша және Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді және мониторингін қамтамасыз етеді;
Комитеттің кеңестеріне, Министрлік алқасының отырыстарына материалдар дайындайды, сондай-ақ Министрліктің және басқа министрліктердің құрылымдық бөлімшелерінің бағдарламалық құжаттарының жобаларын келісуге қатысады;
Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және басқа министрліктердің бағдарламалық құжаттарының жобаларын қарауға және келісуге қатысады;
Министрлік пен Комитеттің аппараттық кеңестерінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылайды;
Басшылықтың тапсырмасы бойынша Комитеттің мүддесін мемлекеттік, қоғамдық және өзге де ұйымдарда білдіреді;
Өз құзыреті шегінде Комитет пен Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
Мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының игерілуі бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылайды;
Мердігер және өзге де ұйымдардың алдын ала жобалау және жобалау-сметалық құжаттаманы уақтылы дайындауын бақылайды;
Алдын ала жобалау және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін техникалық тапсырмаларды, техникалық ерекшеліктерді және жобалау-іздестіру есептерін әзірлеуді ұйымдастырады;
Жер учаскесін таңдау және бөлу, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша техникалық шарттарды алу, сондай-ақ алдын ала жобалау қызметінің нәтижелерін қоса алғанда, бастапқы деректерді жинауды және дайындауды ұйымдастырады;
Келіп түскен хат-хабарлардың, тапсырмалардың, хаттамалардың және өзге де құжаттардың уақтылы орындалуын бақылайды;
Мемлекеттік сатып алу рәсімдері шеңберінде жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша шарттарды дайындауды бақылауды бюджеттік жоспарлау және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру басқармасының басшысымен бірлесіп жүзеге асырады;
Мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылайды;
Ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын, еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтайды;
Қызметтік құжаттардың сақталуын, мемлекет сеніп тапсырған мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді және құжаттарды Комитеттің ведомстволық мұрағатына тапсырады;
Өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттырады;
Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың бұйрықтарын, өкімдерін, тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындайды;
Комитет басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды;
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті сақтайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
d.blyalova@minsu.gov.kz
- 30.03.2026
- Астана қ., Мәңгілік ел 8 "Министрліктер үйі" 4 корпус, 15 кіреберіс
-
8-7172-74-08-38