Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4, (1 бірлік, № УПОИГЗ-4)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Комитет басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдарда құқықтық мәселелер жөніндегі Комитеттің мүдделерін білдіру. Басшылықтың тапсырмасы бойынша белгіленген тәртіппен соттарда Комитеттің мүдделерін білдіру. Комитет қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар дайындау. Шаруашылық қатынастарды реттейтін жобаларға, талап арыздарға, пікірлерге сараптама жүргізу. Комитет әзірлейтін құқықтық актілердің, процестік құжаттардың, сондай-ақ заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысуға. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда Басқарманың құзыретіне жататын құқықтық мәселелер жөніндегі комитет атынан түсініктемелер дайындау. Мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен құқықтық мәселелер бойынша хат алмасуды жүзеге асыру. Тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау және оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізу мақсатында Комитеттің қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйіне талдау жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер болған жағдайда, Комитеттің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау. заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын, еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау. Қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті ұқыпты пайдалану және құжаттарды Комитеттің ведомстволық мұрағатына тапсыруды жүзеге асыру. Өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру. Комитеттің мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес мемлкеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың бұйрықтарын, өкімдерін, тапсырмаларын, жоспарлы және біржолғы тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті сақтау. Тапсырыс беруші Комитет болып табылатын жобаларды іске асыруға қатысу (мақсаттар қоюды және тұжырымдаманы,оларға қол жеткізу стратегиясын әзірлеуде, ресурстарды бөлуде, бюджетті, бюджетті анықтау орындалу мерзіміндерін айқындауда, жобаға койылатын талаптарды қалыптастыруды, тәуекелдерді бақылауда, ақпарат алмасуда, жобаны іске асыру жөніндегі комиттетің басқа кызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасау,есептер дайындау). (Блок В)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.05.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.05.2025 – 16.05.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары (ZOOM) арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-74-10-64