Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Cу шаруашылығы құрылыстарын және ирригациялық жүйелерді дамыту басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4, (1 бірлік, № УРВСиИС-2)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • География
  • Сәулет
  • Экология
  • Гидрология
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Геодезия және картография
  • Құрылыс
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
  • Геодезия
  • Инженерлік жүйелер және желілер
  • Гидрогеология және инженерлік геология

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Қатысады: -1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда; 2) мемлекеттік бюджет қаражаты, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздары мен гранттарының қаражаты есебінен су шаруашылығы объектілерінің инвестициялық жобаларын іске асыруда; 3) су қорын пайдалану, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруда (елді мекендерде орналасқан су шаруашылығы және су бұру жүйелерінен басқа). 4) су шаруашылығы объектілерінің ақпараттық базасын құруда және оған барлық мүдделі тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етуде; 5) Комитет республикалық бюджет қаражаты, халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздары мен гранттары қаражаты есебінен іске асыратын бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу барысына бақылауды жүзеге асыруда: - Басқарманың құзыретіне жататын бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруда; - су шаруашылығы құрылыстарын жобалау, күрделі жөндеу, салу және реконструкциялау, сондай-ақ олардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету; - су қорын пайдалану және қорғау саласындағы жобалау, іздестіру, ғылымизерттеу және конструкторлық жұмыстарда; - су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын пайдалануды басқару саласындағы нормативтік-құқықтық және нормативтік-әдістемелік базаны жетілдіруде; - су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға қабылдауда; - Комитет жасасатын су шаруашылығы құрылыстарын салу және реконструкциялау, күрделі жөндеу жөніндегі мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша шарттық міндеттемелерді орындамау жөніндегі талапарыз жұмысын жүзеге асыруда; Министрлік порталы арқылы Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу. Комитеттің, Министрлік алқасының кеңестеріне материалдар дайындау; Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, Министрлік пен Комитеттің су шаруашылығы құрылыстарын салу және реконструкциялау барысы мен қаржыландыру мәселелері жөніндегі бұйрықтарының жобаларын дайындау; Министрлік пен Комитеттің объектілерді қаржыландыру және салу барысы мәселелері жөніндегі бұйрықтарының жобаларын дайындау. Объектілердің уақтылы пайдалануға берілуін бақылауды жүзеге асыру. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және басқа да министрліктердің бағдарламалық құжаттарының жобаларын қарау; Өз құзыреті шегінде және өзінің функционалдық міндеттеріне сәйкес Комитет пен Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс қимылды ұйымдастыру; Барлық тапсырмаларды, хаттарды, хаттамаларды және басқа да тапсырмаларды уақтылы орындау. Ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын, Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау; Қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекет сеніп тапсырған мүлікті ұқыпты пайдалану және құжаттарды Комитеттің ведомстволық мұрағатына тапсыруды жүзеге асыру; Өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру және өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың бұйрықтарын, өкімдерін, тапсырмаларын, жоспарлы және біржолғы тапсырмаларын сапалы орындау; Басқарма басшысының, Комитет басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау; Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті сақтау. Құрылысты техникалық сүйемелдеуді жүзеге асыратын органдармен, жобалау және мердігерлік ұйымдармен объектілер құрылысының барысы мәселелерін қарау; Мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржы қаражатын игеру жөніндегі шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын, еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау. Қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекет сеніп тапсырған мүлікті ұқыпты пайдалану және құжаттарды Комитеттің ведомстволық мұрағатына тапсыруды жүзеге асыру. Басқарма басшысының, Комитет басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті сақтау. Блок А

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.02.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.02.2025 – 13.02.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Mb

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары (ZOOM) арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-08-38