Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті Су шаруашылығы құрылыстарын және ирригациялық жүйелерді дамыту басқармасының басшысы, санаты C-3 (1 бірлік).
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті
Астана қаласы
422 437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Су ресурстары және суды пайдалану
- География
- Сәулет
- Экология
- Гидрология
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Геодезия және картография
- Құрылыс
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
- Геодезия
- Инженерлік жүйелер және желілер
- Гидрогеология және инженерлік геология
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасау;Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының актілері мен тапсырмаларының уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау; Құпиялылық режимін қамтамасыз ету және Мемлекеттік құпиялар саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді орындау; Шетелге рұқсатсыз кеткені үшін дербес жауапты болады; «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы министрлікке түсетін азаматтардың өтініштері бойынша қабылданған шешімдер мен мәселелердің сипатын дұрыс толтыруды қамтамасыз ету; Өз құзыреті шегінде Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау;Басқарманың перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларын жасау, оны бекітуге ұсыну және оның уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру; 254/113 және 254/119 РББ шеңберінде бөлінген қаражаттар бойынша су шаруашылығы құрылыс жайлары бойынша жұмысты үйлестіру; 254 «Сумен жабдықтау жүйелерін, гидротехникалық құрылыстарды салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыру және бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Бағдарлама бойынша бюджеттік өтінімнің есептеулерін дайындауға бақылау жүргізу.Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайларын салу және реконструкциялау мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді және де Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу мен мониторингілеуді қамтамасыз ету.Комитеттің, Министрлік алқасының кеңестеріне материалдар дайындау, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің және басқа министрліктердің құрылымдық бөлімшелерінің бағдарламалық құжаттарының жобаларын келісу.Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің, басқа министрліктердің құрылымдық бөлімшелерінің бағдарламалық құжаттарының жобаларын қарауға және келісуге қатысу.Министрліктің және басқару мәселелері жөніндегі комитеттің аппараттық кеңестері хаттамаларының пункттерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Басшылықтың тапсырмасы бойынша Комитеттің мүдделерін мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарда ұсыну. Өз құзыреті шегінде және өзінің функционалдық міндеттеріне сәйкес Комитет пен Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру. Мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржы қаражатын игеру жөніндегі шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру.Мердігерлермен және басқа да ұйымдармен жобалау-сметалық құжаттаманы дайындаудың уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Барлық тапсырмаларды, хаттарды, хаттамаларды және басқа да тапсырмаларды бақылауды және уақтылы орындауды жүзеге асыру.Бюджеттік жоспарлау мен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру басқармасының басшысымен бірлесіп мемлекеттік сатып алу арқылы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі шарттардың дайындалуына бақылауды жүзеге асыру Мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша .міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын, еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау; Қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекет сеніп тапсырған мүлікті ұқыпты пайдалану және құжаттарды Комитеттің ведомстволық мұрағатына тапсыруды жүзеге асыру; Өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру. Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың бұйрықтарын, өкімдерін, тапсырмаларын, жоспарлы және біржолғы тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;Комитет басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті сақтау. (Блок А).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.utemisova@minsu.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары (ZOOM) арқылы өткізілуі мүмкін)
8 (7172) 74-08-38