Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Бюджеттік жоспарлау және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру басқармасының басшысы, санаты C-3 (1 бірлік), УБПиРБП-1
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті
Астана қаласы
422 437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Басқармаға тапсырылған функцияларды орындау үшін басқарманың басшысы келесі міндеттерді орындайды: басқарманың жалпы басшылығы; өзінің лауазымдық міндеттері шеңберінде Басқарма құзыретіне кіретін мәселелерді шешуге қатысу; заңнамаға сәйкес су шаруашылығы саласында бюджеттік жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі мәселелерді үйлестіруді жүзеге асырады; қол жеткізілген мақсаттар мен көрсеткіштерді нақтылай отырып, құрылымдық бөлімшелерді жоспарлау процесінің мониторингін және талдауын жүзеге асыру; Бақылау: Комитеттің тиісті жылға арналған Даму жоспарымен ықпалдастыра отырып, бюджеттік бағдарламаларды (түпкілікті және тікелей нәтижелерді жүйелеу) әзірлейді; Комитеттің үш жылдық кезеңге және ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаларын (кіші бағдарламаларын) бекіту (қайта бекіту) және оларды Министрліктің орталық аппаратымен келісімдеу; республикалық бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, нақтылау және түзету сатыларында басқармалармен мен салалық басқармалардың қызметін үйлестіреді; Комитеттің үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетінің жобасын әзірлеу және Министрліктің орталық аппаратына ұсыну және ағымдағы қаржы жылының көрсеткіштерін нақтылау; басым Бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесіне енгізу үшін инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру және республикалық бюджет комиссиясында қарау үшін Министрліктің орталық аппаратына ұсыну; Комитеттің басқармаларымен бірлесіп бюджеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесімен жұмыс: бюджеттік өтінімдерді бекіту, нақтылау, түзету және т. б. сатысында толтыру. өз құзыреті шеңберінде қаржылық қамтамасыз ету мәніне Комитет басқармаларының әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу; су шаруашылығы саласындағы Министрліктің орталықаппаратында бекіту, нақтылау және түзету сатыларында салалық басқармалармен бірлесіп Комитет бюджетінің жобасын бірлесіп қорғауды жүзеге асыру; тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Заңдардың жобаларын әзірлеуге, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысады; республикалық бюджет туралы Заңды іске асыру туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Заңды іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жобаларын әзірлеуге қатысады (қажет болғанда); Комитеттің ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетін нақтылау немесе түзету бойынша басқармалармен бірлесіп жобаны әзірлеу және Министрліктің орталық аппаратына ұсыну; Комитет басқармаларының, оның ішінде су шаруашылығы саласында бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдерінің дұрыс жасалуын және негізділігін қарайды; өз құзыреті шегінде су шаруашылығы саласында бюджеттік қаржыландыру көлемдерімен қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік және салалық бағдарламаларды келісуді жүзеге асырады; бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту бойынша ұсыныстар енгізеді; бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша Комитеттің материалдық-техникалық және көлік құралдарымен жарақтандыру нормаларын әзірлейді және Министрлікке бекітуге енгізеді; төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеуге қатысады; Өз құзыреті шеңберінде қаржылық қамтамасыз етілу мәніне басқармалардың әзірлеген тиістілік нормативтерінің жобаларын келісу; құрылымдық басқармалардың өтінімдері негізінде Комитеттің орталық аппаратының қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды жоспарлауды жүзеге асырады; өз құзыреті шегінде Комитеттің орталық аппаратының кадр қызметі ұсынған және бекітетін штаттан тыс қызметкерлерінің штат кестесінің жобасын келіседі; мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын әзірлеуге және келісуге, оны жасау тәртібіне, бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымына қатысады; өз құзыреті шегінде кадр қызметі әзірлейтін және бекітетін Ел ішіндегі қызметтік іссапарлар жоспарының жобасын келіседі; Министрліктің орталық аппаратымен өзара іс-қимыл жасау, Комитетте көрсетілген мәселелер бойынша үйлестіру және әдіснамалық басшылық ету; өз құзыреті шегінде Комитеттің Даму жоспары мен бағдарламалық құжаттарының және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзге де құжаттарының іске асырылуын қамтамасыз ету, оларды әзірлеуге, мониторинг жүргізуге және бақылауға қатысу, сондай-ақ оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; құзыреті шегінде мемлекеттік және орыс тілдерінде құжаттардың, құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының тиісті жылға арналған ісшараларын іске асыру бойынша ұсыныстар мен қажет болған жағдайда есептер дайындауды қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылардың уақтылы дайындалуын, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша депутаттық сауалдардың, хаттардың, ұсыныстардың, ұйымдардың өтініштері мен шағымдарының және азаматтардың өтініштерінің қаралуын қамтамасыз етеді; әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын айқындауға қатысады; бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу; басқарманың құзыреті саласындағы жұмыс топтарының жұмысына қатысу; еңбекақы мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу; Министрлікте бекітілген регламентке сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтайды; Комитет басшылығының шешімі бойынша заңнамаға сәйкес басқа функцияларды орындау; инвестициялық жобаларды бюджеттеу жөніндегі жоспар мен стратегияны құру, қаржы ресурстарын бөлу, инвестициялық жобалар қаражатын жұмсау жөніндегі қағидалар мен нормаларды белгілеу, қаржы ресурстарын бөлуде басымдықтарды белгілеу, инвестициялық жобалар қаражатының жұмсалуын басқару, әрбір инвестициялық жобаның индикаторларына қол жеткізу үшін міндеттерді, еңбек шығындарын, материалдық шығындар мен тұрақты шығыстарды белгілеу; Жобаларды ілгерілету, бюджеттеу жөніндегі жоба элементтерінің ілгерілеуі, инвестициялық жобалардың осы элементтерін оның тиімділігін бағалау үшін тіркеу мақсатында инвестициялық жобалардың жоспарлары мен стратегияларының оларды бюджеттеу бөлігінде орындалуын бақылауды, талдауды және мониторингті жүзеге асыру; су шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды дайындайды және жүзеге асырады. (Блок А).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.utemisova@minsu.gov.k
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары (ZOOM) арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8 (7172) 74-08-38