Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті Кадр және әкімшілік жұмысы басқармасының басшысы, C-3 санаты, (1 бірлік, (негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне 06.10.2024 ж. дейін, негізгі жұмыскер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмыс берушіге өзінің ниеті туралы жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын ескертіп жұмысқа шығуға құқылы))
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті
Астана қаласы
357 266
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Филология
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасау, кадрлық іс жүргізуді жедел және дұрыс жүргізуді қамтамасыз етеді; басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша Комитет басшылығының құжаттарын, тапсырмаларын уақтылы орындайды; комитет қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау жөніндегі құжаттарды дайындайды және орындайды; мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты шектеулерді сақтауын бақылайды; қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады; персоналды басқару бағыты бойынша Комитеттің құрылымдық бөлімшелерін бағалау бойынша материалдар дайындайды; материалдарды дайындау және қызметкерлерді бағалау жөніндегі комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді; кадрлардың жай-күйін мониторингілеу бойынша есептер жасайды; мемлекеттік қызмет өтілін белгілеу жөніндегі комиссияның шешімдерін ресімдейді; кадр мәселелері жөніндегі конкурстық, тәртіптік, аттестациялық және өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету. әскери міндеттілердің әскери есебін жүргізеді; материалдарды дайындау және бос лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізуді қамтамасыз етеді; су шаруашылығы жүйесі қызметкерлерін ведомстволық наградалармен марапаттау жөніндегі құжаттарды дайындау және орындау; қызметкерлерге қызметтік рұқсаттамалар мен қызметтік куәліктерді дайындап, береді; комитет қызметкерлеріне материалдық көмек және үстемеақы бөлу жөніндегі комиссияның шешімдерін ресімдейді; құжаттама және мұрағат мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлейді; мемлекеттік органдарға, компанияларға жолданатын сыртқы шығыс хат-хабарларды уақтылы тіркеуін қадағалау; құжаттаудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету, құжаттармен жұмысты ұйымдастыру, құжаттардың уақытында орындалуын бақылау; комитет Регламентінің, Құжаттау және құжатты басқару қағидасының талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру; кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркеуді уақтылы қамтамасыз ету; бақылау құжаттарының тізбесін қалыптастыру және оны орындаушыларға жеткізу; іс жүргізу мәселелері жөніндегі Комитеттің құрылымдық бөлімшелерімен және аумақтық органдарымен өзара іс-қимыл жасау; қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілері мен тапсырмаларының, депутаттық сауалдардың уақтылы орындалуына бақылау жүргізу; ай сайын кұжатайналымы бойынша есептер дайындау, (кіріс және шығыс хаттар); негізгі қызмет бойынша төрағаның бұйрықтарын тіркеу; азаматтардың өтініштерін уақытылы қарауға бақылау жүргізу; жеке және заңды тұлғалардың «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен өтініштерін қабылдау, тіркеу және оларға жолданатын жауаптарды тіркеу, қажет болған жағдайда тиістілік бойынша тарату, көшірмесін жасау және сканерлеу; комитетке «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен азаматтардың өтініштері бойынша қабылданған шешімдер мен сұрақтар сипатын дұрыс толтыруды қамтамасыз ету; "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" бағыты бойынша жобалық басқаруды іске асыру мәселелері бойынша келіп түскен өтініштерді есепке алу бойынша жұмысты жүзеге асыру; «Еөтініш» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен Жеке және заңды тұлгалардың өтініштері бойынша орындаушылық тәртіпті бақылау және мониторинг жүргізу, жеке және заңды тұлгалардың отініштері бойынша апты сайын ескертпелер тарату; тіркеу сатысында өтінішті тіркеу карточкасының деректемелерін (өтініш түрі, өтініш нысаны, өтініш беру тілі, азаматтығы, ұлты, жынысы, өтініш берушінің қызметі және т.б.) дұрыс толтыруды қамтамасыз ету; ішкі еңбек тәртібі ережелерін, мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын, еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау; өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру; басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың бұйрықтарын, өкімдерін, тапсырмаларын, жоспарлы және біржолғы тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау; комитет басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті сақтау (Блок А).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.utemisova@minsu.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс (Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді)
-
8 7172 740838