Казақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы Су қорын қорғау бөлімінің бас маманы, C-О-5 санаты, (№ООВФ-3, 1 бірлік, жұмыс орны Қостанай қаласында)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Су шаруашылығы
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Экология
  • Гидрология
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
  • Гидрогеология және инженерлік геология
  • Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жылдық жоспарын әзірлеуге қатысады. Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылықтарды жою шараларын қабылдайды. Су жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқада құрылыстарды салу және қайта жаңарту жобалары, жоба алдындағы құжаттамаларын; су объектiлерiнде, су қорғау белдеулерi мен аймақтарында құрылыс, түбiн тереңдету, пайдалы қазбалар, су өсiмдiктерiн өндiру жөнiндегi жарылыс жұмыстарын, кабельдер, құбыр өткізгіштерін және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ су объектілерінде бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргiзу туралы құжаттарды келісуді; су объектілерін жай-күйін жақсарту, сақтау бойынша су пайдаланушылардың іс-шаралары жоспарларын жүзеге асыру. Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындардың және басқа да құрылыстардың құрылыс орнын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды келісуді жүзеге асыру. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы нәтижесінде туындаған салдарларды жою жөніндегі жұмыстарға қатысады. Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру жөніндегі конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және оларда су пайдалану шарттарын келiсу.  Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру мәселелерi бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау iсiнде халық арасында ағарту және тәрбие жұмыстарын жүргiзу. Су қорғау аймақтарын, су объектілерінің қорғау белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын келіседі. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердiң белгiленуiн келіседі. Су объектiлерi мен  су  шаруашылығы  құрылыстарын  әуесқой және спорттық балық аулау үшiн пайдалануды келіседі. Су объектiлерiнде және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерін қоспағанда) жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) жобалауды, салуды және орналастыруды, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелері су қорғау аймақтарына және белдеулерге немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылғанға дейін тұрғызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялауды (кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық қайта жарақтандыруды, қайта бейіндеуді) келіседі. Белгіленген есептілікті Су шаруашылығы комитетіне ұсынады. Су қорын қорғау бөлімінің құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Уақтылы орындалуын (жеке және заңды тұлғалардың кіріс хат-хабарларын, хаттарын, өтініштерін, хаттамаларын және  оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың барлық тапсырмаларын) жүзеге асыруға бақылау жүргізу. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың бұйрықтарын, өкімдерін, тапсырмаларын, жоспарлы және біржолғы тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.(Блок А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 29.05.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.05.2024 – 07.06.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Mb

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс (Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді)

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 740838