Казақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы Су ресурстарының мониторингі, мемлекеттік есепке алу және кадастр бөлімінің бас маманы, C-О-5 санаты, (№ОМГУИКВР-3, 1 бірлік, жұмыс орны Қостанай қаласында)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Су шаруашылығы
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Есеп және аудит
  • Экология
  • Гидрология
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
  • Гидрогеология және инженерлік геология
  • Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару

Қосымша талаптар

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (гидромелиорация және/немесе сумен жабдықтау, су бұру және су ресурстарын қорғау және/немесе сумен жабдықтау, кәріз, су қорын ұтымды пайдалану және қорғау және/немесе сумен жабдықтау және кәріз); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (сумен жабдықтау, кәріз, су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау).

Функционалды міндеттер

Бассейндiк принцип негiзiнде гидрографиялық бассейннiң су ресурстарын кешендi басқару. Экономикалық оң нәтижеге қол жеткізу, суды орынды, әділ және экологиялық тұрақты пайдалану мақсатында су ресурстарын пайдалану саласындағы су қатынастарының субъектілерінің қызметін үйлестіреді. 2-ТП (водхоз) формасында мемлекеттік есепке алуды жүргізу бойынша мәліметтерді жинақтайды. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырғанға дейін жерүсті су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемге 860.00 формасы бойынша Декларацияны куәландырады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бассейндердегі су нысандарының мемлекеттік есебін, мемлекеттік су кадастрын және мемлекеттік мониторингін жүргізеді. Су нысандарынан алынған және оларға тасталған су мөлшерінің бастапқы есебін жүргізудің дұрыстығын, суды тұтыну мен тастауды есепке алу үшін аспаптар мен жабдықтардың болуын, олардың жұмысқа жарамды жай-күйін және мемлекеттік аттестациялау мерзімдерінің сақталуын, су пайдаланушылардың есептілікті белгіленген мерзімдерде тапсыруын бақылайды. Су нысандарына мемлекеттік  мониторинг жүргізу және су нысандарын пайдалану мен қорғау саласында жер үсті және жер асты суларының мемлекеттік есебін жүргізу тәртібінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сай сақталуына бақылауды жүзеге             асырады. Су пайдаланушылар және тиісті бассейн үшін суды пайдалану лимиттерін анықтайды. Белгіленген нормалар мен ережелердің, су нысандары бойынша су тұтыну және су бұру лимиттерінің, сондай-ақ суды пайдалану режимдерінің сақталуын бақылайды. Бассейн шегіндегі су нысандарын қалпына келтіру және қорғау бойынша бассейндік келісімдерді дайындайды және оларды жүзеге асырады. Бассейндік кеңестің жұмысын жүргізуге дайындықты, бассейндік   кеңес   дайындаған    ұсыныстарды талдауды, оларды іске асыру жөніндегі іс- шараларды жүзеге асыруды, бассейндік кеңестің ұсыныстарын мүдделі мемлекеттік органдар мен су пайдаланушыларға жеткізуді жүзеге асырады. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы, судың жай-күйi мен сапасын жақсарту жөнiнде қолданылып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен су қорын пайдалану мен қорғау, сумен қамтамасыз ету және су бұру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау iсiнде халық арасында ағарту және тәрбие жұмыстарын жүргiзу. Бөлімнің шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін  қарау.Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хаттардың (кіріс корреспонденциясы), жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің, басшылықтың хаттамалары мен тапсырмаларының уақытылы орындалуын қадағалау (Блок А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 29.05.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.05.2024 – 07.06.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Mb

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс (Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді)

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 740838