Казақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы Су қорын мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы, C-О-5 санаты, (№ОГК-7, 1 бірлік, жұмыс орны Қостанай қаласында)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Су шаруашылығы
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Құқықтану
  • Экология
  • Гидрология
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
  • Гидрогеология және инженерлік геология
  • Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару

Қосымша талаптар

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (гидромелиорация және/немесе сумен жабдықтау, су бұру және су ресурстарын қорғау және/немесе сумен жабдықтау, кәріз, су қорын ұтымды пайдалану және қорғау және/немесе сумен жабдықтау және кәріз); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (сумен жабдықтау, кәріз, су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау).

Функционалды міндеттер

Су қорының пайдаланылуы мен қорғалуына, Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Бөлімнің жылдық жоспарларын әзірлеу. Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жою  және  кінәлілерді  жауапқа  тарту  жөнінде шаралар қабылдау. Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттік органдарға су заңнамасының сақталуы бойынша тексерулер жүргізудің жыл сайынғы жоспарларын әзірлеу және жасау. Өз құзыреті шегінде су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар берген нұсқамалар мен талаптардың орындалуына және қойылған айыппұл санкцияларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Су заңнамасында көзделген өзге де әрекеттер. Бөлім  шегінде  жеке  және  заңды  тұлғалардың өтініштерін қарау. Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың бұйрықтарын, өкімдерін, тапсырмаларын, жоспарлы және біржолғы тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау. Мемлекеттік қызметтер көрсету          тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету (Блок А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 29.05.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.05.2024 – 07.06.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Mb

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс (Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді)

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 740838