Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының Батыс Қазақстан облысы бойынша су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау бөлімінің бас маманы, C-О-5 санаты, (1 бірлік, № ОПРИИОВРПЗО-2, орналасқан жері Орал қаласы)
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті
Батыс Қазақстан облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Су шаруашылығы
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Құқықтану
- Экология
- Гидрология
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
- Гидрогеология және инженерлік геология
Қосымша талаптар
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (гидромелиорация және/немесе сумен жабдықтау, су бұру және су ресурстарын қорғау және/немесе сумен жабдықтау, кәріз, су қорын ұтымды пайдалану және қорғау және/немесе сумен жабдықтау және кәріз); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (сумен жабдықтау, кәріз, су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау).
Функционалды міндеттер
Су қорының пайдаланылуы мен қорғалуына, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. .Бөлімнің жылдық жоспарларын әзірлейді. Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жою және кінәлілерді жауапқа тарту жөнінде шаралар қабылдайды. Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттік органдарға су заңнамасының сақталуы бойынша тексерулер жүргізудің жыл сайынғы жоспарларын әзірлейді және жасайды. Өз құзыреті шегінде су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар берген нұсқамалар мен талаптардың орындалуын және айыппұл санкцияларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Су заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді орындайды. Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы өтінімдерді қарауды жүргізеді. Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді қабылдау жөніндегі жұмыс комиссиясының жұмысына қатысады. Инспекцияның су ресурстарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, кез келген меншік нысанындағы кәсіпорындармен және ұйымдармен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылы бойынша құжаттар мен материалдар дайындайды. Тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттердің қауіпсіздік декларацияларын тіркейді. Арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың су алу немесе ағызу жөніндегі құрылыстарда немесе құрылғыларда орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалайды. Қаралуы соттардың құзыретіне кіретін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау кезінде сот талқылауларына қатысады. Бөлім шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың бұйрықтарын, өкімдерін, тапсырмаларын, жоспарлы және біржолғы тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындайды. Барлық тапсырмалардың, хаттардың, хаттамалардың және басқа да тапсырмалардың уақтылы орындалуын (кіріс хат-хабарларын) жүзеге асыруға бақылау жүргізеді. ЕАСУВР бағдарламасы бойынша бастапқы деректерді компьютерлік өңдеуді жүргізеді. Су объектілерінен алынатын және оларға ағызылатын су санының бастапқы есебін жүргізудің дұрыстығына, суды тұтыну мен ағызуды есепке алу үшін жабдықтар мен аппаратураларды мемлекеттік аттестаттау мерзімдерінің болуына, жарамды жай-күйіне және сақталуына, су пайдаланушылардың есептіліктің белгіленген мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Өзен бассейндерінің, су шаруашылығы учаскелерінің каталогтарын жинақтауға қатысады және каталогтарды жүргізу жөніндегі жұмысты бақылайды. .Су ресурстарын кешенді пайдалану схемаларын әзірлеуге қатысады. .Су пайдаланушылар бөлінісінде және тиісті бассейн бойынша су пайдалану лимиттерін айқындауға қатысады. Белгіленген нормалар мен ережелердің, су объектілері бойынша су тұтыну және су бұру лимиттерінің, сондай-ақ суды пайдалану режимінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. .Бассейн шегінде су объектілерін қалпына келтіру және қорғау туралы бассейндік келісімдерді дайындауға және іске асыруға қатысады. .Бассейндік кеңестің жұмысын дайындауға, бассейндік кеңес дайындаған ұсынымдарды талдауға, оларды іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, бассейндік кеңестің ұсынымдарын мүдделі мемлекеттік органдар мен су пайдаланушыларға жеткізуге қатысады. .Комитетке белгіленген есептілікті ұсынады. Ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын, еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау. Басшылықтың тапсырмасы бойынша басқа мемлекеттік мекемелердегі инспекцияның мүдделерін білдіреді. .Қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекет сеніп тапсырған мүлікті ұқыпты пайдалану және құжаттарды инспекцияның ведомстволық мұрағатына тапсыруды жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырады. Инспекция басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды. (Блок А)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.shakhanova@minsu.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс (Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтед)
-
8 7172 741064