Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының Су қорын мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы, C-О-5 санаты, (1 бірлік, № ОГК-2, орналасқан жері Атырау қаласы, (негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне 29.11.2026 ж. дейін, негізгі жұмыскер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмыс берушіге өзінің ниеті туралы жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын ескертіп жұмысқа шығуға құқылы))
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті
Атырау облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Су шаруашылығы
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Құқықтану
- Экология
- Гидрология
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
- Гидрогеология және инженерлік геология
Қосымша талаптар
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (гидромелиорация және/немесе сумен жабдықтау, су бұру және су ресурстарын қорғау және/немесе сумен жабдықтау, кәріз, су қорын ұтымды пайдалану және қорғау және/немесе сумен жабдықтау және кәріз); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (сумен жабдықтау, кәріз, су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау).
Функционалды міндеттер
Су қорын пайдалану мен қорғауға, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Бөлім бойынша жылдық жоспарларды әзірлейді. Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жою және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдайды. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттік органдардың су заңнамасының сақталуына тексеру жүргізудің жыл сайынғы жоспарларын әзірлейді және жасайды. Өз құзыреті шегінде су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар шығарған бұйрықтар мен талаптардың орындалуын және салынған айыппұл санкцияларының орындалуын бақылайды. Су заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жүзеге асырады. Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы өтініштерді қарайды. Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді қабылдау жөніндегі жұмыс комиссиясының жұмысына қатысады. Инспекцияның мемлекеттік органдармен, кез келген меншік нысанындағы кәсіпорындармен және ұйымдармен, қоғамдық ұйымдармен су қорын қорғау мәселелері бойынша өзара ісқимылы бойынша құжаттар мен материалдарды дайындайды. Тіркеу шифрларын тағайындау үшін бөгет қауіпсіздігі туралы декларацияларды тіркейді. Арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алуына немесе ағызуына арналған құрылыстарда немесе құрылғыларда орнатылған суды есепке алу аспаптарын пломбалайды. Өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде сот өндірісіне қатысады. Басқарма шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың бұйрықтарын, тапсырмаларын, нұсқауларын, жоспарлы және біржолғы тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындайды. Барлық бұйрықтардың, хаттардың, хаттамалардың және басқа да тапсырмалардың уақтылы орындалуын (кіріс хат-хабарларын) бақылауды жүзеге асыру. EAСУВР бағдарламасы бойынша бастапқы деректерді компьютерлік өңдеуді жүргізеді. Су объектілерінен алынған және оларға ағызылатын су мөлшерінің бастапқы есебін жүргізудің дұрыстығын, суды тұтыну мен ағызуды есепке алу үшін жабдықтар мен жабдықтардың болуын, жұмысқа жарамды жайкүйін және мемлекеттік аттестациялау мерзімдерінің сақталуын, су пайдаланушылардың белгіленген есептілік мерзімдерін сақтауын бақылайды. Өзен бассейндерінің, су шаруашылығы учаскелерінің каталогтарын құруға қатысады және каталогтарды жүргізу жұмыстарына жетекшілік етеді. Су ресурстарын кешенді пайдалану схемаларын әзірлеуге қатысады. Су пайдаланушылардың және тиісті бассейн үшін суды пайдалану лимиттерін анықтауға қатысады. Белгіленген нормалар мен ережелердің, су объектілері үшін су тұтыну және су бұру лимиттерінің, сондай-ақ суды пайдалану режимдерінің сақталуын бақылайды. Бассейн шегіндегі су объектілерін қалпына келтіру және қорғау жөніндегі бассейндік келісімдерді дайындауға және іске асыруға қатысады. Бассейндік кеңестің жұмысын дайындауға, бассейндік кеңес дайындаған ұсынымдарды талдауға, оларды іске асыру жөніндегі ісшараларды жүзеге асыруға, бассейндік кеңестің ұсынымдарын мүдделі мемлекеттік органдар мен су пайдаланушыларға жеткізуге қатысады. Комитетке белгіленген есептілікті ұсынады. Ішкі еңбек тәртібін, мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларын, еңбек және орындау тәртібін сақтайды. Басшылық атынан басқа мемлекеттік органдарда инспекцияның мүддесін білдіреді. Қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекет сеніп тапсырған мүлікті ұқыпты пайдалану және құжаттарды Инспекцияның ведомстволық мұрағатына тапсырады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерге және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді. Өз кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырады. Инспекция басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды (Блок А)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.shakhanova@minsu.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс (Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтед)
-
8 7172 741064