Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы Су қорын мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы, C-О-5 санаты, (№ОГК-3, 1 бірлік, жұмыс орны Семей қаласында)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті

Аймақ

Абай облысы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Су шаруашылығы
  • Жерге орналастыру
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Құқықтану
  • Экология
  • Гидрология
  • Геодезия және картография
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Кадастр
  • Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
  • Гидрогеология және инженерлік геология

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсат берілуін, оның қолданысын тоқтата тұру туралы хабарландыруын бақылауға; жер асты суларының қорларын бекітуге қатысуға; облысаралық, аймақаралық, мемлекетаралық су объектiлерi бойынша су алу мен су бөлу жоспарларын әзiрлеу және олардың сақталуын бақылауға; су жайкүйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқада құрылыстарды салу және қайта жаңарту жобалары, жоба алдындағы құжаттамаларын; су объектiлерiнде, су қорғау белдеулерi мен аймақтарында жұмыстарды жүргiзу туралы құжаттарды келісуді жүзеге асыруға; судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындардың және басқа да құрылыстардың құрылыс орнын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды келісуді жүзеге асыруға; су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және оларды шаруашылықта пайдалану режимдерін белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын келісуге; ауыз су сапасындағы жер асты суларын ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануды келісуге; су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердiң белгiленуiн келісуге; су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын әуесқой және спорттық балық аулау үшiн пайдалануды келісуге; тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркеуге; Ертіс бассейн суларын кешендi пайдалану мен қорғау схемасын, су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерiн келiсуге; су объектiлерiн кешендi пайдаланудың және қорғаудың бассейндiк схемаларын келiсуге, бассейндiк келiсiмдердi дайындауға, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде су ресурстарын басқарудың бассейндiк қағидатын iске асыруға қатысуға; статистикалық есептердің дайындалуы мен уақытында тапсырылуын бақылауға; бiрлесiп пайдаланылатын су қоймаларының салааралық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар iрi су қоймаларының жұмыс режимiн бақылауды жүзеге асыруға; су пайдаланушылар деңгейiнде және Ертіс бассейн бойынша су пайдалану лимиттерiн айқындауға; Бассейндік Кеңестің жұмысын ұйымдастыруға қатысуға; су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру мәселелерi бойынша облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарымен және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен өзара iсқимыл жасауға; Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырылуына; ТЖ органдарымен бірге гидротехникалық ғимараттардың қауіпсіздігін бақылауға; су қорын тиімді пайдалану мен қорғау бойынша инспекторлық тексерістерді ұйымдастыру мен жүргізу; есептер мен ақпараттарды дайындауға; су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзудiң және су объектiлерiн пайдалану мен қорғау бөлiгiнде жер бетi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақтауына бақылауды жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылықтарды жою шараларын қабылдайды; су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы, судың жайкүйi мен сапасын жақсарту жөнiнде қолданылып жатқан шаралар туралы халықты хабардар етуге; су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзірлеуге қатысуға; барлық іс жүргізу іс-әрекеттерін іске асыру құқығымен маман, талапкер, жауапкер ретінде Ертіс бассейндік инспекциясы мүддесін сот органдарында білдіруге; Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген басқада өкілеттіктерді жүзеге асыруға. (Блок А).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.05.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.05.2024 – 24.05.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Mb

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс (Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді)

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 740838