Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлiгi Су ресурстары комитетiнің Су ресурстарын реттеу, пайдалану және қорғау жөніндегі Балхаш-Алакөл бассейндік инспекциясы Су қорын мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы, C-О-5 санаты, (№ОГК-9, 1 бірлік, жұмыс орны Алматы қаласында)
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті
Алматы қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Су шаруашылығы
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Құқықтану
- Экология
- Гидрология
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
Қосымша талаптар
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (гидромелиорация)
Функционалды міндеттер
Балқаш-Алакөл бассейні бойынша су қорын пайдалану мен қорғауға, мемлекеттік бақылауды, су ресурстары нысандарының мемлекеттік қорғалуын және тиімді пайдаланылуын (ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын) жүзеге асыру; мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы түрде көрсету; бірлесіп пайдаланылатын су қоймаларының саларалық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар ірі су қоймаларының жұмыс режимін бақылауды жүзеге асыру. Субъектілердің су шаруашылық қызметтеріне тексеріс жүргізу, қарастыру және әкімшілік хаттамалар мен нұсқамаларды құрастыру, материалдарды сотқа дайындау; жүргізілген тексерулер мәліметтерін уәкілетті органдарға тапсыру және компьютер базасына енгізу (Блок А).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.shakhanova@minsu.gov.kz
- 30.04.2024
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс (Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді)
-
87172 741064