Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы Ұлытау облысы бойынша су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау бөлімінің басшысы, C-O-4 (1 бірлік, ОПРИИОВРПОУ-1, жұмыс орны Жезқазған қ.)
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті
Ұлытау облысы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Су шаруашылығы
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Құқықтану
- Экология
- Гидрология
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмысына тікелей басшылықты ұйымдастыру және жүзеге асыру және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілік атқару, су қорының пайдаланылуы мен қорғалуына, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Су заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, кінәлілерді жауапқа тарту және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылықтарды жою үшін Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзу туралы материалдарды құқық қорғау органдарына және сотқа береді; Қазақстан Республикасының Су заңнамасы бұзылған жағдайда мемлекетке келтірілген залалды өтеу туралы сотқа талап-арыз береді; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.utemisova@minsu.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс (қажет жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).
-
8 (7172)-74-08-38